Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 24 ақпандағы N 80 "Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органы экономикасының нақты секторы салаларын бюджеттік несиелендіру мәселелері" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі N 118 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 21 мамырда N 3010 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 299 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 30.09.2016 № 299 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органы экономикасының нақты секторы салаларын бюджеттік несиелендіру мәселелері" туралы 2005 жылғы 24 ақпандағы N 80 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2902 тіркелген, 2005 жылғы 5 сәуірдегі "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) қаулысына төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
      1) аталған қаулының және осы қаулымен бекітілген "Батыс Қазақстан облысы экономикасының нақты секторы салаларын қолдауға және дамытуға жергілікті бюджет қаржысы есебінен несиелендірудің Ережесі" кіріспелерінде "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 5 ақпандағы N 110 қаулысына" деген сөздер мен сандар сәйкесінше "Бюджеттердің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысына" деген сөздер және сандармен ауыстырылсын.
      Ескерту. 1-тармақшаға өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2009.05.26 N 148 Қаулысымен.
      2) аталған қаулымен бекітілген Батыс Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органының бюджеттік несие беруінің басым бағыттарының тізбесінен "өнеркәсіпті дамыту" 2-ші бағамы алынып тасталсын.
      3) қаулының 4 тармағындағы "А. Ш. Хамитовке" деген сөз сәйкесінше "Н. А. Ноғаевқа" деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қолданыстағы заңнамаларға сәйкес:
      1) тиісті қаржыларды одан әрі мақсатты және тиімді пайдалануды жалғастырсын;
      2) осы қаулыдан туындайтын барлық қажетті шараларды алсын.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады