Орал қаласының N 8 қалалық сайлау округі аумағында үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 31 шілдедегі N 2166 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының әділет басқармасында 2008 жылғы 4 қыркүйекте N 7-1-111 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 9 cәуірдегі N 959 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2009.04.09 N 959 Қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағы негізінде, қалалық (аумақтық) сайлау комиссиясының келісімі бойынша қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Орал қаласының N 8 қалалық сайлау округі аумағында үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін келесі орындар белгіленсін:
      1) Евразия даңғылы, 102, "Әмбебап дүкен" сауда орталығы ғимаратының аумағы;
      2) Евразия даңғылы, 59/1, "Диана плюс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының аумағы;
      3) Құрманғазы көшесі, 160, "N 2 облыстық балалар ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын ғимаратының аумағы.
      2. "Орал қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекеме қалғандарды дайындауды және орнатуды қамтамасыз етсін.
      3. Орал қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 17 шілдедегі N 1866 "Орал қаласының N 8 қалалық сайлау округі аумағында үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысы бұзылсын.
      4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Орал қаласы әкімі аппаратының басшысы Қ.М. Ақболатовқа жүктелсін.
      Қала әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады