Ақжайық ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 20 мамырдағы N 186 "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 5 желтоқсандағы N 411 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әділет басқармасында 2008 жылғы 11 желтоқсанда N 7-2-66 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 6 қыркүйектегі N 252 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2010.09.06 N 252 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 15-1 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558 "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық деңгейде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігінің 2008 жылдың 20 мамырдағы N 186 "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туындау қажеттілігіне байланысты аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" 2008 жылғы 20 мамырдағы N 186 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 30.06.2008 жылғы N 7-2-57 тіркелген, "Жайық таңы" газетінде (04.07.2008 жылғы N 27 санынан бастап, 26.09.2008 жылғы N 40 санға дейін жарияланған), қауылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулысымен бекітілген 10 қосымшасының 12 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Мемлекеттік қызметті алу үшін, оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар үшін қажетті құжаттар мен талаптар тізбесі:
      1) арызы мен оған тiркелген жеке куәлiгiнің көшірмесі (төлқұжат);
      2) салық төлеушінің тіркеу нөмері берілгені туралы куәлігі (СТН);
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі (үй кітабы);
      4) пайдаланып отырған алаң көлемі жөніндегі (техникалық төлқұжат) тұрғын жайға құжаттардың көшірмесі (жекешелендіру, сыйға тарту, сатып-сату, жалға беру т.б. жөніндегі келісім-шарттар);
      5) жылжымайтын мүлік жөніндегі анықтама (жылына бір рет);
      6) Ұлы Отан Соғысы қатысушысы немесе мүгедегі куәлігінің көшірмесі, мүгедек күтімінің заңдылығын куәландыратын құжат;
      7) мүгедекке күтім жасаудың заңдылығын дәлелдейтін құжат;
      8) алдыңғы арыз беру мерзіміне сәйкес отбасының өткен жарты жылдыққа табыстары жөніндегі мәлімет (зейнетақысы жөнінде анықтама немесе жинақ кітапшасы, жалақысы туралы анықтама, алименттер, шәкіртақы);
      9) тұрғын жай ұстау, коммуналдық қызмет және байланыс қызметі ақысын төлеу бойынша төлем құжатарының түпнұсқасы (түбіртектер мен кітапшалар)."
      2. Тиісті мемлекеттік қызметтерді көрсететін мемлекеттік органдар осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады