"Қазақстан Республикасында темір жол жылжымалы құрамын тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 11 шілдедегі N 240-І бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2009 жылғы 7 қыркүйектегі N 384 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 5 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5808 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 3 сәуірдегі № 143 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.04.03 № 143 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      "Темір жол көлігі" туралы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қазақстан Республикасында темір жол жылжымалы құрамын тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 11 шілдедегі N 240-І бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1948 нөмірмен тіркелген, "Официальная газета" газетінің 2002 жылғы 31 тамыздағы N 35 санында жарияланған), "Қазақстан Республикасында темір жол жылжымалы құрамын тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 11 шілдедегі N 240-І бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 20 сәуірдегі N 167-І (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2846 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2004 жыл, N 29-32, 959-құжат), "Қазақстан Республикасында темір жол жылжымалы құрамын тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 11 шілдедегі N 240-І бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 21 шілдедегі N 280-І, 1948 нөмірмен тіркелген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2960 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2004 жыл, N 37-40, 999-құжат), Қазақстан Республикасында темір жол жылжымалы құрамын тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 14 ақпандағы N 36 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4102 нөмірмен тіркелген, "Юридическая газета" газетінің 2006 жылғы 31 наурыздағы N 56-57 (1036-1037) сандарында жарияланған; "Официальная газета" газетінің 2006 жылғы 29 сәуірдегі N 18 (280) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Қазақстан Республикасында темір жол жылжымалы құрамын тіркеу ережесінде:
      бүкіл мәтін бойынша "тіркеуші орган", "тіркеуші органда", "тіркеуші органның", "тіркеуші органға", деген сөздер "уәкілетті орган", "уәкілетті органда", "уәкілетті органның", "уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5-2-тармақпен толықтырылсын:
      "5-2. Темір жол жылжымалы құрамы мынадай жағдайларда тіркеуге жатпайды:
      1) Қазақстан Республикасының резиденттері еместер Қазақстан Республикасының аумағына жөндеу үшін уақытша әкелгенде;
      2) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен жүріп өткенде;
      3) Қазақстан Республикасының резиденттері еместер Қазақстан Республикасының аумағына жүктерді түсіру және тиеу үшін уақытша әкелгенде және әкеткенде.";
      6-тармақта:
      ", сондай-ақ тіркеуден 3 жыл өткеннен кейін" деген сөздер "меншік, жалға алу, сыйға тарту, айырбастау, сенімгерлік басқару құқығын сатып алған, сондай-ақ заңды тұлғаның атауы және тегі, аты, әкесінің аты өзгерген сәттен бастап." деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақта "тіркеуді" деген сөзден кейін "қайта тіркеуді" деген сөздермен толықтырылсын;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "13. Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу және қайта тіркеу үшін заңды және жеке тұлғалар уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      Заңды тұлға үшін:
      заңды тұлғаның бірінші басшысының қолымен және мөрімен расталған темір жол жылжымалы құрамының, соның ішінде сенімгерлік басқаруға, мүліктік жалға немесе лизингке берілген бар мүкәммал паркінің тізбесін (осы Ережеге 1, 2, 3, 7-қосымшаларға сәйкес);
      белгіленген үлгідегі өтініш (осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес);
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      мүлікке меншік құқығын немесе жалға алу (жалдау), лизинг, немесе сенімгерлік басқару шартын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      жасаушы зауыттың темір жол жылжымалы құрамының әрбір бірлігіне арналған техникалық паспортының (формулярының) нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      басшының жеке басын растайтын құжаттардың немесе өкілдің өкілеттігін растайтын құжаттардың және оның жеке басын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      Жеке тұлға үшін:
      жеке тұлғаның қолымен расталған темір жол жылжымалы құрамының, соның ішінде сенімгерлік басқаруға, мүліктік жалға немесе лизингке берілген бар мүкәммал паркінің тізбесін (осы Ережеге 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес);
      белгіленген үлгідегі өтінішті (осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес);
      жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың, сондай-ақ жеке тұлға жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін;
      мүлікке меншік құқығын немесе жалға алу (жалдау), лизинг, немесе сенімгерлік басқару шартын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін;
      жасаушы зауыттың темір жол жылжымалы құрамының әрбір бірлігіне арналған техникалық паспортының (формулярының) нотариалды куәландырылған көшірмесін.";
      14-тармақ алынып тасталсын;
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. Уәкілетті орган темір жол жылжымалы құрамын тіркеу, қайта тіркеу туралы өтінішті жиырма жұмыс күні ішінде, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініш берілген күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей қарайды.";
      мынадай мазмұндағы 15-2-тармақпен толықтырылсын:
      "15-2. Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу және қайта тіркеу үшін, сондай-ақ Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу және қайта тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын берген кезде төлем өндіріп алынбайды.";
      17-2-тармақта "тіркеу" деген сөзден кейін "қайта тіркеу" деген сөздермен толықтырылсын;
      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "20. Уәкілетті орган темір жол жылжымалы құрамын тіркеу туралы өтініш келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушінің өтінішінен жазбаша түрде келесі жағдайларда бас тартады:
      1) жеке және заңды тұлғалар осы Ереженің 13-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбаса;
      2) жеке және заңды тұлғалар ұсынған құжаттар осы Ереженің талаптарына сәйкес келмесе;
      3) тіркеуші органға ұсынылған құжаттарда өшірулер, қолжазбаларында немесе машина жазбаларында түзетулер немесе көшірмелерді куәландыратын қолы және мөрі болмаған жағдайда бас тарта алады.
      4) сот қабылдаған шешімге сәйкес темір жол жылжымалы құрамына тыйым салынған.";
      20-1-тармақтағы "тіркеу" деген сөзден кейін ", қайта тіркеу" деген сөздермен толықтырылсын;
      21-тармақ алынып тасталсын;
      24-тармақтағы "ұсынуға міндетті" деген сөздер "ұсынады" деген сөзбен ауыстырылсын;
      Қазақстан Республикасында темір жол жылжымалы құрамын тіркеу ережесіне 12346-қосымшалар осы бұйрыққа 12345-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Ә.Н.Барменқұлов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Д.Қ. Көтербековке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Көлік және коммуникация министрі                    Ә.Құсайынов

"Қазақстан Республикасында жылжымалы 
темір жол құрамын тіркеу ережесін    
бекіту туралы" Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникациялар министрінің
2002 жылғы 11 шілдедегі N 240-І  
бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы" Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің  
2009 жылғы 7 қыркүйектегі N 384  
бұйрығына 1-қосымша         

Қазақстан Республикасында   
жылжымалы темір жол құрамын 
тіркеу ережесіне 1-қосымша  

______________________________________________________
(иесінің толық атауы)
тиесілі тартым және мотор-вагонды жылжымалы құрамның тізбесі

р/с N

Сериясы 
 

Зауыт нөмірі

Мүкәм- малдық нөмірі
 

Жасалған жылы

Қызмет ету мерзімі

Нақты қызмет ету мерзімі

Соңғы жөндеу күні (КЖ-1)

Соңғы жөндеу күні (КЖ-2)

Пайдалануда болуы немесе бос тұруы

Уақытын созу мерзімі
 

Тіркеу депосы

























Басшы _________________/ ____________________________________/
            (қолы)                       (Т.А.Ә.)

М.О.
(заңды тұлға және жеке кәсіпкер үшін)

*(КЖ-1) – 1-көлемдегі күрделі жөндеу
**(КЖ-2) – 2-көлемдегі күрделі жөндеу

"Қазақстан Республикасында жылжымалы 
темір жол құрамын тіркеу ережесін    
бекіту туралы" Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникациялар министрінің
2002 жылғы 11 шілдедегі N 240-І  
бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы" Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің  
2009 жылғы 7 қыркүйектегі N 384  
бұйрығына 2-қосымша         

Қазақстан Республикасында   
жылжымалы темір жол құрамын 
тіркеу ережесіне 2-қосымша  

______________________________________________________
(иесінің толық атауы)
тиесілі жүк жылжымалы құрамының тізбесі

р/с N

Вагон түрі

Вагонның нөмірі

Зауыт нөмірі

Жасалған жылы

Нормативтік қызмет ету мерзімі

Нақты қызмет ету мерзімі

Соңғы жөндеу күні (ДЖ)

Соңғы жөндеу күні (КЖ)

Пайдалануда болуы немесе бос тұруы

Уақытын созу мерзімі























Басшы ___________________/ ___________________________________/
            (қолы)                          (Т.Ә.А.)

М.О.
(заңды тұлға және жеке кәсіпкер үшін)

*(ДЖ) – деполық жөндеу
**(КЖ) – күрделі жөндеу
*** жүк вагондарының меншік иелері үшін

"Қазақстан Республикасында жылжымалы 
темір жол құрамын тіркеу ережесін    
бекіту туралы" Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникациялар министрінің
2002 жылғы 11 шілдедегі N 240-І  
бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы" Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің  
2009 жылғы 7 қыркүйектегі N 384  
бұйрығына 3-қосымша         

Қазақстан Республикасында   
жылжымалы темір жол құрамын 
тіркеу ережесіне 3-қосымша  

_______________________________________________
(иесінің толық атауы)
тиесілі жолаушы жылжымалы құрамның тізбесі

р/с N

Вагон түрі

Вагон нөмірі

Зауыт нөмірі

Жасалған жылы

Нормативтік қызмет ету мерзімі

Нақты қызмет ету мерзімі

Соңғы жөндеу күні (ДЖ)

Соңғы жөндеу күні (КЖ-1)

Соңғы жөндеу күні (КЖ-2)

Пайдалануда болуы немесе бос тұруы

Уақытын созу мерзімі

























Басшы __________________/ ____________________________________/                   (қолы)                       (Т.Ә.А.)

М.О.
(заңды тұлға және жеке кәсіпкер үшін)

*(ДЖ) – деполық жөндеу
*(КЖ-1) – 1-көлемдегі күрделі жөндеу
**(КЖ-2) – 2-көлемдегі күрделі жөндеу

"Қазақстан Республикасында жылжымалы 
темір жол құрамын тіркеу ережесін    
бекіту туралы" Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникациялар министрінің
2002 жылғы 11 шілдедегі N 240-І  
бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы" Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің  
2009 жылғы 7 қыркүйектегі N 384  
бұйрығына 4-қосымша         

Қазақстан Республикасында   
жылжымалы темір жол құрамын 
тіркеу ережесіне 4-қосымша  

______________ облысы (қаласы) бойынша
уәкілетті органның орган басшысына  
______________________________________
       (Т.А.Ә.)                

Өтініш

________________________________________________ құқығында тиесілі
(меншік, мүліктік жалдау, жалға алу, лизинг)
саны _____ бірлік темір жол жылжымалы құрамын тіркеуіңізді (қайта тіркеуіңізді) сұраймын.
      Мекен-жайы:
      __________ қаласы _________ көшесі. СТН (ЖСН,БЖН):____________ байланыс телефондары (факс) _______________.
      Тізбе ____ парақта қоса беріледі.

      Өтініш беруші ________________ / ________________
                     (басшының қолы)       (Т.А.Ә. )

М.О.
(заңды тұлға және жеке кәсіпкер үшін)

"Қазақстан Республикасында жылжымалы 
темір жол құрамын тіркеу ережесін    
бекіту туралы" Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникациялар министрінің
2002 жылғы 11 шілдедегі N 240-І  
бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы" Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің  
2009 жылғы 7 қыркүйектегі N 384  
бұйрығына 5-қосымша         

Қазақстан Республикасында   
жылжымалы темір жол құрамын 
тіркеу ережесіне 6-қосымша  

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігi
КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ КОМИТЕТI

Жылжымалы темір жол құрамын мемлекеттік
тіркеу (қайта тіркеу) туралы
КУӘЛІК
КБИ_ _ _ _ _Сериясы_ _ _ _ _ _N_ _ _ _ _ _

      Осы куәлік "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес __________________________________________ құқығында
            (темір жол жылжымалы құрамына құқығы көрсетілсін)
_______________________________________ тиесілі _________ берілді                (иесінің толық атауы)
және ______________________________ үлгісіндегі
санаты ________________________________________
сериясы, вагон түрi ___________________________
зауыт нөмірi __________________________________
мүкәммалдық нөмірі ____________________________
секциясы ______________________________________
жасалған жылы _________________________________
20__жылғы "__"_______________ бастап жылжымалы темір жол құрамын мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) растайды.
      Осы куәлік Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық жағдайларда қолданылады және жылжымалы құрамның иесін куәландыратын құжатпен бірге көрсетіледі, ондағы келтірілген мәліметтер өзгерген жағдайда ауыстыруға жатады.
______________________________________________________

                              Берілген күні 20__ жылғы "__"_________

М.О.
Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы ________________________________
                                               қолы, Т.Ә.А.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады