Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілер мен өнімдер тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 27 қазандағы N 572 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылы 23 қарашада N 5867 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 26 қазандағы № 838 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010.10.26 № 838 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілер мен өнімдер тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіпте оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                            Ж. Досқалиев

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 27 қазандағы 
N 572 бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілер мен өнімдер тізбесі

      1. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілер тізбесі:
      1) сүт өңдеу объектілері;
      2) ет өңдеу объектілері, оның ішінде мал шаруашылығы кешендері, мал сою цехтары;
      3) құс өңдеу объектілері;
      4) балық өңдеу объектілері;
      5) наубайханалар, макарон, ұн тарту объектілері;
      6) кондитерлік өнімдер шығару жөніндегі объектілер;
      7) алкогольсіз өнімдер шығару жөніндегі объектілер (сусындар, оның ішінде ыдысқа өлшеп құйылған ауыз су мен сусындар);
      8) май өнімдерін шығару жөніндегі объектілер;
      9) жұмсақ балмұздақ шығару жөніндегі объектілер;
      10) астық сақтау, өңдеу және тасымалдау жөніндегі объектілер, оның ішінде нан қабылдау кәсіпорындары, элеваторлар;
      11) крахмал, крахмалды-сірнелі өнімдерді шығару жөніндегі объектілер;
      12) қант шығару жөніндегі объектілер;
      13) жеміс өңдеу жөніндегі объектілер;
      14) аспаздық және йодталған тұз шығару жөніндегі өнеркәсіп объектілері;
      15) алкоголь өнімдерін шығару және өткізу жөніндегі объектілер;
      16) тамақ өнімдерін көтерме және бөлшектеп сату объектілері;
      17) халыққа арнайы, емдеу-профилактикалық, балалардың және диеталық тағамдарды өндіру және өткізу жөніндегі объектілер;
      18) қоғамдық тамақтану объектілері, оның ішінде медициналық, білім беру ұйымдарының және өнеркәсіптік объектілердің тамақ блоктары;
      19) сауда базарлары;
      20) өнеркәсіптік тауарларды көтерме және бөлшектеп сату объектілері;
      21) темір жол көлігіндегі вагон мейрамханалар, теңіз, өзен, әуе көлігіндегі борттық тамақтану цехтары;
      22) тағамдық концентраттарды шығару жөніндегі объектілер;
      23) жартылай фабрикаттарды шығару жөніндегі объектілер, оның ішінде тоңазытылған және жылдам тоңазытылған;
      24) тамақ өнімдерін өлшеп орау объектілері;
      25) жылыжайлар, жылыжай шаруашылықтары, көшетханалар;
      26) балалар қысқа уақыт болатын объектілер және балаларды тәрбиелеу немесе күтім жасау жөнінде қызмет көрсететін объектілер (бала күтушісінің қызметі), балаларды дамыту орталықтары;
      27) жалпы білім беру және интернат объектілері;
      28) бастауыш, орта және жоғарғы кәсіптік білім және басқа бағыттағы мекемелер, рухани оқу мекемелері, әртүрлі бағытта және пәндер бойынша оқыту курстары;
      29) сәби үйлері;
      30) жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйлері;
      31) мектепке дейінгі балалар объектілері;
      32) балалардың сауықтыру объектілері, оның ішінде жыл бойғы және маусымдық;
      33) мектептен тыс ұйымдар;
      34) балалардың бос уақытына арналған мекемелер;
      35) балалар киімдерін, ойыншықтарын, балалар тұтынатын заттарды шығару және өткізу жөніндегі объектілер;
      36) сумен қамтамасыз ету көздері, оның ішінде жер асты және жер бетіндегі;
      37) таратушы су құбыры желісі;
      38) орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету объектілері;
      39) су;
      40) ауа;
      41) топырақ;
      42) физикалық факторлар;
      43) жарықтандыру;
      44) микроклимат;
      45) су айдындары;
      46) сүзілетін және суарылатын егістіктер;
      47) моншалар, хауыздар, бассейндер;
      48) спорт ғимараттары және құрылыстары;
      49) қоғамдық және биодәретханалар;
      50) халықтың уақытша тұратын объектілері (қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, жатақханалар);
      51) кір жуу, химиялық тазалау орындары;
      52) кітапханалар, мұражайлар;
      53) косметологиялық және косметикалық орталықтар, шаштараздар, сұлулық салондары;
      54) жағажайлар;
      55) мәдени-ойын-сауық мекемелері;
      56) бос уақытты ұйымдастыру орталықтары;
      57) санаторий-сауықтыру және санаторий-курорттық объектілер;
      58) оңалту орталықтары;
      59) емдеу-өндірістік ұйымдар, сондай-ақ мүгедектерді қоса алғанда психикалық бұзылулармен зардап шегетін адамдарды осы ұйымдарда жұмысқа орналастыру үшін еңбек терапиясы мен жаңа мамандықтарға оқытуға арналған, еңбек жағдайлары жеңілдетілген арнайы өндірістер, цехтар немесе учаскелер;
      60) қарттарға және мүгедектерге арналған интернат-үйлері;
      61) мүгедектерді оңалтуға және бейімдеуге арналған орталықтар;
      62) тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімдеу орталықтары;
      63) елді мекен аумақтарын жинаумен айналысатын объектілер;
      64) жарнама өнімдерін дайындау жөніндегі объектілер (оның ішінде жарықтанған жарнамалар, билбордтар, баннерлер, маңдайша жазулар);
      65) тұрмыстық, өндірістік, медициналық қалдықтарды жинаумен, жоюмен, залалсыздандырумен, кәдеге жаратумен және қайта өңдеумен айналысатын объектілер;
      66) зираттар, салт-жора қызметтерін көрсету жөніндегі объектілер;
      67) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары;
      68) стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары;
      69) жедел медициналық көмек және санитариялық авиация денсаулық сақтау ұйымдары;
      70) апаттар медицинасы денсаулық сақтау ұйымдары;
      71) паллиативтік көмек және мейірбике күтімін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары;
      72) қан қызметi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар;
      73) сот медицинасы және патологиялық анатомия саласындағы қызметтi жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары, мәйітханалар;
      74) фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;
      75) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар;
      76) денсаулық сақтау саласындағы бiлiм беру ұйымдары;
      77) дұрыс тамақтану мен салауатты өмiр салтын қалыптастыру саласындағы қызметтi жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;
      78) АИТВ/ЖИТС профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;
      79) стоматологиялық объектілер;
      80) гигиеналық тәрбие мен халықты оқытуды жүзеге асыратын ұйымдар;
      81) гомеопатия, гирудотерапия, мануалды терапия, рефлексотерапия, фитотерапия және табиғи текті құралдармен емдеу сияқты дәстүрлі емес медициналық қызметті жүзеге асыратын медициналық орталықтар;
      82) ағзалар мен тіндерді транспланттау саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;
      83) қан, оның компоненттері, ағзалар, адамның тіндері;
      84) инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтары;
      85) инфекцияларды тасымалдаушылар, инфекция көздері мен таратушылар;
      86) дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы дайындау жөніндегі кәсіпорындар;
      87) диагностикалық зерттеулерді жүзеге асыратын медициналық объектілер;
      88) зертханалық жануарлар;
      89) санитариялық-карантиндік пункттер;
      90) дәріханалар, дәріхана пункттері, жылжымалы дәріхана пункттері;
      91) оптика дүкендері;
      92) медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдар дүкендері;
      93) химиялық тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын, дезинфекциялық құралдарды өндіру жөніндегі объектілер;
      94) дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық қызметті жүзеге асыратын объектілер;
      95) ғимаратты пайдалану жөніндегі мекемелер, ұйымдар мен мекемелердің тұрғын үй бөлімдері, үй басқармалары, пәтер иелерінің кооперативтері;
      96) болжанған құрылыс учаскелері;
      97) өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы жобаланып, салынып және жаңартылып жатқан объектілер;
      98) темір жол және автовокзалдар, метрополитен, әуежайлар, айлақтар, санитариялық-карантиндік тұйықтар;
      99) көлік құралдары (темір жол, теңіз, ішкі су, әуе, қалалық электрлі көлігі, метрополитеннің жылжымалы құрамы, адамдарды, тағам өнімдерін, шикізатты, ауыз суды, химиялық, уытты және радиоактивті заттар мен қалдықтарды коммерциялық және қоғамдық тасымалдауға қолданылатын автомобиль көлігі);
      100) темір жол, автомобиль, су және әуе көлігінде жолаушыларға және жүктерді тасымалдауға қызмет көрсету жөніндегі объектілер;
      101) өнімдер мен тауарларды сақтауға арналған қоймалар;
      102) иондаушы сәуле көздері;
      103) мал көметін орындар;
      104) құю станциялары;
      105) полигондар, оның ішінде уытты өнеркәсіптік қалдықтар, тұрмыстық қатты қалдықтар полигондары;
      106) кәріздік тазарту құрылыстары, сорғы станциялары, желілері (оның ішінде жауын-шашын кәрізі);
      107) автомобильге май құю станциялары, отындық шикізатты сақтау және өткізу жөніндегі объектілер, техникалық қызмет көрсету станциялары, дәнекерлеу цехтары, автожуулар, су құю машиналары;
      108) автотұрақтар, гараж кооперативтері;
      109) метал сынықтарын қабылдау және өткізу пункттері, үй жануарларының терілерін қабылдау және өңдеу пункттері;
      110) газ толтыру станциялары, оттекті баллондарды толтыру жөніндегі шеберханалар;
      111) тұрмыстық және ұйымдастыру техникаларын жөндеуді жүзеге асыратын және өткізетін объектілер;
      112) құрылыс-монтаждау ұйымдары;
      113) радиотехникалық объектілер;
      114) ауыл шаруашылық аэродромдары;
      115) улау алаңдары;
      116) физикалық, химиялық, радиологиялық, токсикологиялық зерттеулер жүргізу жөніндегі зертханалар;
      117) атом энергиясын қолдану объектілері;
      118) жеңіл өнеркәсібі объектілері, оның ішінде тігін және тоқыма шеберханалары, аяқ киім жөндеу жөніндегі шеберханалар;
      119) фотография шеберханалары;
      120) ағаш өңдеу өнеркәсібі объектілері;
      121) полиграфия өнеркәсібі объектілері;
      122) шыны және фарфор өнеркәсібі объектілері;
      123) ғарыш қызметі объектілері;
      124) түрлі түсті металлургия шығару жөніндегі объектілер;
      125) қара металлургия шығару жөніндегі объектілер;
      126) химиялық өнеркәсіп объектілері;
      127) машина жасау және металл өңдеу объектілері;
      128) мал шаруашылығы және шаруа қожалықтары;
      129) көмір өнеркәсібі объектілері;
      130) электр энергетикасы өнеркәсібінің объектілері;
      131) мұнай өңдеу және өндіру жөніндегі объектілер;
      132) газ өңдеу және өндіру жөніндегі объектілер;
      133) құрылыс материалдарын шығару жөніндегі объектілер.
      2. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілер мен өнімдер тізбесі:
      1) Қазақстан Республикасының аумағына алғаш рет әкелінетін немесе Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет шығарылатын өнім;
      2) мал және өсімдік тектес тағамдық өнім;
      3) азық-түлік шикізаты және тамақ өнімдері;
      4) астық (тұқымдар), ұн тарту жарма өнімдері;
      5) алкоголь өнімдері;
      6) тағамдық қоспалар, бояуыштар, тағамға биологиялық активті қоспалар;
      7) темекі және темекі бұйымдары;
      8) жеңіл өнеркәсіп өнімдері;
      9) ағаш өңдеу өнеркәсібі өнімдері;
      10) полиграфия өнімдері;
      11) түрлі түсті металлургия өнімдері;
      12) қара металлургия өнімдері;
      13) химия өнеркәсібі өнімдері;
      14) көмір өнеркәсібі өнімдері;
      15) мұнай және газ өнеркәсібі өнімдері;
      16) шыны және фарфор өнеркәсібі өнімдері;
      17) профилактикалық иммундық биологиялық, диагностикалық препараттар;
      18) дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдары;
      19) атмосфералық ауаны ластайтын заттар;
      20) емдік балшық;
      21) дәрілік субстанциялар, шығу тегі табиғи дәрілік шикізат;
      22) биологиялық заттар мен материалдар, микробиологиялық организмдер мен олардың уыттары;
      23) химиялық заттар мен улар;
      24) тұрмыстық химия тауарлары;
      25) шаруашылық-тұрмыстық және гигиеналық мақсаттағы тауарлар;
      26) парфюмерлік косметикалық құралдар, ауыз қуысы гигиенасының құралдары;
      27) тамақ өнімдерімен, шаруашылық-ауыз сумен жанасатын полимер материалдар мен бұйымдар;
      28) құрылыста пайдаланылатын полимер материалдар мен бұйымдар;
      29) құрылыс және конструкциялық материалдар;
      30) балаларға арналған тауарлар;
      31) медициналық және санитариялық-гигиеналық мақсаттағы бұйымдар;
      32) ауыз су;
      33) ашық көздердің суы;
      34) минералдық тыңайтқыштар;
      35) инфекция беру факторларын зерттейтін өнімдер (әртүрлі субстраттар – топырақ, ауа, су, тамақ өнімдері, жем, аурулардың қоздырғыштары болуы мүмкін тірі организмдердің, оның ішінде адамның тіршілік қызметінің өнімдері);
      36) аурулар қоздырғыштары (белоктар – приондар, микроорганизмдер – қарапайым, вирустар мен бактериялар, саңырауқұлақтар, гельминттер мен басқа да микроорганизмдер);
      37) энергетикалық шикізат;
      38) радиоактивті заттар мен қалдықтар;
      39) өндіру және тұтыну қалдықтары;
      40) өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер;
      41) аспаптар және технологиялық жабдықтар;
      42) улағыш және биологиялық заттар;

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады