Жол қозғалысы қауіпсіздігі саласында тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 475 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 5 ақпандағы № 32 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 15 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6055 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 15 қазандағы № 843 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 696 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 15.10.2015 № 843 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.11.2015 № 696 бірлескен бұйрығымен.

      «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы теуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті (Қ.С. Тыныбеков):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми сайтында орналастыруды;
      3) осы бұйрықтың талаптарын орындауды қамтамасыз етсін.
      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары Ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты зерделеуді және талаптарын орындауды ұйымдастырсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары А.Ж. Күреңбековке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі                       С. Баймағанбетов

      Қазақстан Республикасының
      Экономика және бюджеттік
      жоспарлау министрі                        Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы Ішкі 
істер министрінің 2009 жылғы 
10 желтоқсандағы № 475 және 
Қазақстан Республикасы Экономика
және бюджеттік жоспарлау  
министрінің 2010 жылғы   
5 ақпандағы № 32 бірлескен 
бұйрығымен бекітілді    

Жол қозғалысы қауіпсіздігі саласында тәуекелдерді
дәрежесін бағалау өлшемдері

1. Жалпы ережелер

      1. Жол қозғалысы қауіпсіздігі саласында тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдеріне көлік құралдарын пайдалануға, көлік құралдары жүргізушілерін даярлауға, қайта даярлауға байланысты қызметті жүзеге асыратын субъектілеріне ішкі істер органдарының жол полициясы бөлімшелерінің (бұдан әрі – жол полициясы) жоспарлы тексерулер жүргізу үшін әзірленді.
      2. Осы өлшемдерде мынадай түсініктер пайдаланылады:
      1) тәуекел – техникалық ақауы бар көлік құралдарының жолға шығуы, сондай-ақ көлік құралдарын басқаруға денсаулығының жағдайы қауіпсіз басқаруды қамтамасыз ете алмайтын жүргізушілерге рұқсат беру; көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, қайта даярлау сапасының төмендеуі нәтижесінде жол-көлік оқиғаларының болуы;
      2) тәуекелді бағалау жүйесі – ол көлік құралдарын пайдалану, көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, қайта даярлау бойынша қызметті жүзеге асыратын субъектілеріне тексерулер жоспарлау мақсатында уәкілеттік берілген жол полициясы қызметкерлері бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруына жүргізілген іс-шаралар кешені;
      3) тәуекелді бағалау дәрежесінің өлшемдері – субъектінің тікелей қызметімен байланысты сан және сапа көрсеткіштерінің, салалық дамуының ерекшеліктері және осы дамуына әсер ететін, көлік құралдарын пайдалану, көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, қайта даярлау бойынша қызметті жүзеге асыратын субъектілеріне әртүрлі тәуекелді бағалауына жатқызатын фактілер жиынтығы.

2. Көлік құралдарын пайдалануды жүзеге асыратын
субъектілері қызметінің тәуекелді бағалау

      4. Көлік құралдарын пайдалануды жүзеге асыратын субъектілер қызметінің тәуекелді бағалау, екі кезеңде:
      1) бірінші кезеңде - субъектілердің маңыздылығынан;
      2) екінші кезеңде - жол қозғалысы қауіпсіздігі саласында тәуекелді бағалау дәрежесінің өлшемдеріне сәйкес жүргізіледі.
      5. Субъектілер маңыздылығы бойынша бөлу:
      1) маңыздылығы жоғары дәрежеге жататын субъектілер:
      таксимен тасымалдауды қоспағанда, жолаушылар тасымалдау бойынша қызмет көрсететін;
      көлік құралдарының техникалық жағдайын бақылау және жүргізушілерді рейстің алдында медициналық байқаудан өткізу жағдайлары жоқ жүк тасымалдау бойынша қызмет көрсететін;
      2) маңыздылығы орта дәрежеге жататын субъектілер:
      көлік құралдарының техникалық жағдайын бақылау және жүргізушілерді рейстің алдында медициналық байқаудан өткізу жағдайлары бар жүк тасымалдау бойынша қызмет көрсететін;
      такси арқылы тасымалдау бойынша қызмет көрсететін;
      көлік құралдарын пайдалануға байланысты басқа қызметті жүзеге асыратын (пошта автотасымалдаушылары, құрылыс, жол ұйымдары және т.с.с.).
      6. Тәуекел дәрежесінің маңыздылығына байланысты жол полициясы субъектілерін жоғары, орта немесе шамалы тәуекелділікке жатқызады және оларға жоспарлы тексеру жүргізу мерзімін анықтайды, бірақ:
      тәуекелдер дәрежесі жоғары болған кезде – жылына бір реттен көп емес;
      тәуекелдер дәрежесі орта болған кезде – үш жылда бір реттен көп емес;
      тәуекелдер дәрежесі шамалы болған кезде – бес жылда бір реттен көп емес.
      7. Екінші кезеңде субъектілер жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерінің тәуелділігіне қарай қайта бөлінеді.

3. Көлік құралдарын пайдалануды жүзеге асыратын субъектілер
қызметінің тәуекелді дәрежесін бағалау өлшемдері

      8. Тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін пайдалану мақсатында, жол қозғалысы қауіпсіздігі саласында жасалған және жыл бойына жинақталған құқық бұзушылықтар туралы жол полициясының, оның ішінде жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша алынған деректері пайдаланылады.
      9. Тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдеріне қарай субъектілер тәуекелділіктің жоғары және орта дәрежесіне ауысуы мүмкін. Бұдан басқа, жүк тасымалдау бойынша қызмет көрсететін субъектілер, көлік құралдарын техникалық жағдайына бақылау және жүргізушілерді рейстің алдында медициналық байқаудан өткізу үшін олар жағдай жасаған кезде тәуекелділіктің жоғары тобынан орта тобына өту мүмкіндігіне ие болады.
      10. Субъектілер тәуекелділіктің жоғары дәрежесіне:
      1) автомобиль, троллейбус, трамвай немесе басқа механикалық көлік құралын басқаратын адам жол қозғалысы ережелерін бұзған немесе абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян әкелетін немесе адам өліміне әкеліп соққанда көлік құралдарын пайдаланған;
      2) көлік құралының жүргізушісі мас болған немесе басқаруға құқығы болмаған кезде ауысады.
      11. Субъектілер тәуекелділіктің келесі ең жоғары топқа:
      1) көлік құралдарының жүргізушілерімен орнатылған жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін, материалдық зиян келтіретін көлік құралдарының, жүктердің, жолдардың, жол және басқа құрылыстардың немесе өзге мүліктің бұзылуына әкеліп соққан, сондай-ақ жәбірленушінің денсаулыққа зиян келтіруіне әкеліп соққан қылмыстық жазаланатын іс-әрекеті нышандары бұзылған;
      2) көлік құралдарын пайдалануға шығарған кезде техникалық ахуалы бар және басқа да пайдалану ережесін бұзған кезде ауыстырылады.
      12. Тәуекелділіктің бір дәрежеде субъектілерді бірінші кезекте тексеру жоспарлау үшін:
      1) жасалған жол-көлік оқиғаларының;
      2) жол қозғалысы саласында жасалған құқық бұзушылықтың;
      3) жоспарланбаған тексерістердің анықталған бұзушылықтардың;
      4) көлік құралдарының саны негіздемесі болып табылады.
      Саны көп болғанда, субъекті тексеріс үшін көбірек басымдылыққа ие болады.

4. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлауды, қайта
даярлауды жүзеге асыратын субъектілері қызметінің
тәуекелділікті бағалау

      13. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, қайта даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер маңыздылығы бойынша тәуекелдің елеусіз дәрежесіне жатады, оларға жоспарлы тексеру жүргізу мерзімі бес жылда бір реттен жиі емес мерзімде белгіленеді тәуекел дәрежесінің маңыздылығына байланысты субъектілердін жоғары, орта немесе тәуекелділіктің елеусіз дәрежесіне жатқызады және оларға жоспарлы тексеру жүргізу мерзімін анықтайды, бірақ:
      тәуекелдер дәрежесі жоғары болған кезде – жылына бір реттен көп емес;
      тәуекелдер дәрежесі орта болған кезде – үш жылда бір реттен көп емес;

5. Көлік құралдарының жүргізушілерін дарлауды, қайта
даярлауды жүзеге асыратын субъектілері қызметінің
тәуекелділік дәрежесін бағалау өлшемдері

      14. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қараша № 1650 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережесі (бұдан әрі – Жол қозғалысы ережесі) тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін пайдалану мақсатында, Жол жүрісі ережесі бойынша тәжірибелік және теориялық емтиханды бірінші реттен жол полициясына тапсырған субъект курсанттарының білімін тексеру нәтижелері туралы жылдық қорытындысы бойынша жол полициясының деректері пайдаланылады.
      15. Тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдеріне қарай субъектілер:
      1) егер Жол қозғалысы ережесін білуіне тәжірибелік және теориялық емтиханды бірінші реттен жол полициясына тапсырған курсанттардың саны 50 %-дан кем болса, тәуекелділіктің жоғары дәрежеге;
      2) егер Жол қозғалысы ережесін білуіне тәжірибелік және теориялық емтиханды бірінші реттен жол полициясына тапсырған курсанттардың саны 50 %-дан 80 %-ға дейін болса, тәуекелділіктің орта дәрежеге;
      3) егер Жол қозғалысы ережесін білуіне тәжірибелік және теориялық емтиханды бірінші реттен жол полициясына тапсырған курсанттардың саны 80 % және одан көп болса, тәуекелділіктің елеусіз дәрежеге ауысады.
      16. Тәуекелділіктің бір дәрежеде субъектілерді бірінші кезекте тексеру жоспарлану үшін:
      1) жоспардан тыс тексеру кезінде анықталған заң бұзушылық;
      2) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлайтын саны негіз болып табылады.
      Саны көп болғанда, субъекті тексеріс үшін көбірек басымдылыққа ие болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады