"2009 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 5 қаңтардағы N 23-11қ қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 31 наурыздағы N 23-290қ Қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2009 жылғы 13 сәуірде нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 567 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 15 қаңтардағы N 23-12қ Қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2010.01.15 N 23-12қ Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Астана қаласының әкімдігі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2009 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 5 қаңтардағы N 23-11қ қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 5 ақпанда N 557 болып тіркелген, "Астана хабары" газетінің 2009 жылғы 17 наурыздағы N 29 нөмірінде, 2009 жылғы 19 наурыздағы N 30 нөмірінде; "Вечерняя Астана" газетінің 2009 жылғы 28 наурыздағы N 37 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      7-тармақ мына редакцияда жазылсын:
      "7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді және 2008 жылғы 1 қаңтарда туындаған қатынастарға қолданылады.".
      2. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін жүргізсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Ә.М. Рахымжановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден кейін күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Әкімі                                         И. Тасмағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады