"Астана қаласының құрметті азаматы" атағын беру Қағидасы туралы

Жаңартылған

Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 6 қарашадағы N 257/39-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2009 жылғы 15 желтоқсанда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 606 болып енгізілді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 30.06.2023 № 46/5-VIII (алғашқы ресми жариялаған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Бүкіл мәтіні бойынша "ережесі", "Ережесі", "ережелер", "Ереже", "Ереженің" деген сөздер тиісінше "қағидасы", "Қағидасы", "қағидалар", "Қағида", "Қағиданың" деген сөздермен, "Лентасы", "Лентаны", "ленталар" сөздері сәйкесінше "Алқасы", "Алқаны", "алқалар" сөздеріне ауыстырылды - Астана қаласы мәслихатының 27.06.2014 № 254/36-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 09.07.2014 № 271/37-V шешімдерімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңның 6-бабының 1-тармағының 12-2) тармақшасын және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Заңның 4-бабының 1-тармағын басшылыққа ала отырып Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса берілген "Астана қаласының құрметті азаматы" атағын беру Қағидасы бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 30.06.2023 № 46/5-VIII (алғашқы ресми жариялаған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы
мәслихатының сессия төрағасы
А. Бұлашев
      Астана қаласы
мәслихатының хатшысы
В. Редкокашин

  Астана қаласы мәслихатының
2009 жылғы 6 қарашадағы
№ 257/39-IV шешімімен
бекітілген

      Ескерту. Қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 30.06.2023 № 46/5-VIII (алғашқы ресми жариялаған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Қағидасның бүкіл мәтін бойынша "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 02.07.2019 № 411/53-VI (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Астана қаласының құрметті азаматы" атағын беру
Қағидасы

      Ескерту. Қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 30.06.2023 № 46/5-VIII (алғашқы ресми жариялаған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

1. Жалпы қағидалар

      1. Осы "Астана қаласының құрметті азаматы" атағын беру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және "Астана қаласының құрметті азаматы" атағын беру тәртібін реттейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 30.06.2023 № 46/5-VIII (алғашқы ресми жариялаған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Астана қаласының құрметті азаматы" атағы (бұдан әрі – Атақ):

      қаланың экономикасын, ғылымын және мәдениетін, өнерін, білімін, денсаулық сақтау және әлеуметтік салаларын дамытуға қомақты үлес қосқаны;

      мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі, демократиялық, жариялылық және әлеуметтік прогресс, рухани және интеллектуалдық әлеуетін дамытуға қосқан еңбегі;

      спортта, мемлекеттік және әскери қызметте жеткен жетістігі;

      қайырымдылық қызметі және мейірмандылығы;

      халықаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты, бейбітшілікті, халықтар арасында достық пен ынтымақтастықты нығайту жөніндегі жемісті жұмысы;

      азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі белсенді қызметі.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 30.06.2023 № 46/5-VIII (алғашқы ресми жариялаған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Атақ Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдік азаматтарға беріледі. Атақ Астана қаласының аумағында тұрмайтын адамдарға берілуі мүмкін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 30.06.2023 № 46/5-VIII (алғашқы ресми жариялаған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2. Атақ беру тәртібі

      4. Атақ беру туралы өтінімді аудан әкімдері және қалалық әкімдік, еңбек және шығармашылық ұжымдар, қоғамдық және діни бірлестіктер, жеке және заңды тұлғалар, өзге де топтар бастамашылық етуі мүмкін. Өтінімге тиісті басшы қол қояды. Өтінімде кандидатураның негізгі биографиялық деректері, растайтын құжаттары қоса берілген оның жетістіктерінің және қалаға сіңірген еңбегінің қысқаша сипаттамасы көрсетіледі.

      5. Өтінімді Астана қаласының әкімдігі жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау және "Астана қаласының құрметті азаматы" атағын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қарайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 30.06.2023 № 46/5-VIII (алғашқы ресми жариялаған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      6. Комиссия шешімі көпшілік дауыспен қабылданады.

      7. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының пікірі шешуші болып табылады.

      8. Комиссия шешімі ұсынымдық сипатқа ие және хаттамамен ресімделеді, оған оның барлық мүшелері қол қояды.

      9. Комиссия төмендегі шешімдердің біреуін қабылдай алады: өтінімді қанағаттандырады және Астана қаласының әкіміне Атақ беру туралы ұсыным енгізу үшін қалалық мәслихатқа ұсыныс жасайды; өтінімнен бас тартады; өтінімді материалдарды қайта ресімдеу үшін қайтарып бере алады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 30.06.2023 № 46/5-VIII (алғашқы ресми жариялаған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      10. Атақты Астана қаласы әкімінің ұсынысы бойынша қалалық мәслихат береді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 30.06.2023 № 46/5-VIII (алғашқы ресми жариялаған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      11. Атақ беру туралы қалалық мәслихаттың шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

      12. Атаққа лайықты адамға Астана қаласының әкімі салтанатты жағдайда Диплом, "Астана қаласының құрметті азаматы" құрметті азаматының Алқасы мен Куәлігін береді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 30.06.2023 № 46/5-VIII (алғашқы ресми жариялаған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      13. Құрметті азаматтардың аты-жөні хронологиялық тәртіппен Астана қаласының Құрмет кітабына енгізіледі, ол қалалық мәслихатта тұрақты сақталады. Қоғамдастықтың ұсынысы бойынша олардың аты-жөндері Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіппен қала көшелеріне берілуі мүмкін.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 30.06.2023 № 46/5-VIII (алғашқы ресми жариялаған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      14. Дипломды, Алқаны және Куәлікті дайындау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппаратына жүктеледі.

      15. Дипломдарды, алқалар мен куәліктерді дайындау шығындарын қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

3. Атақтан айыру негіздемесі

      16. Атақ берілген адам қалалық мәслихаттың шешімімен қылмыс жасаған, үкім заңды күшіне енгеннен кейін, үлкен қоғамдық резонанс тудыратын жағымсыз мінез-құлық көрсеткен жағдайда, Атақ беру туралы өтінім шығарған органның ұсынысы бойынша атағынан айырылуы мүмкін.

      17. Осы Қағиданың 16-тармағында көрсетілген негіздемелер бойынша Атақтан айырылған адам Атақ беруге қайтарма ұсынылмайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады