2009 жылға Ақмола облысының қоршаған ортасына эмиссия үшін төлемақының кейбір түрлеріне жоғары ставкаларды бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облыстық мәслихатының 2009 жылғы 6 ақпандағы № 4С-12-10 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 16 наурызда № 3313 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 4С-19-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 2009.12.10 № 4С-19-3 шешімімен

      2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінің 495 бабының 9 тармағына, 2001 жылдағы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заныңың 6 бабының 5 тармағына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2009 жылға Ақмола облысының қоршаған ортасына эмиссия үшін төлемақының келесі түрлеріне жоғары ставкалар бекітілсін:
      1) «Дизель отыны үшін» пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін 0,51 айлық төлем көрсеткіші;
      2) «Күл мен күлшлактар» табиғи монополия субъектілері үшін қалдықтардың 1 тоннасын орналастыру үшін 0,66 айлық төлем көрсеткіші.
      2. Ақмола облыстық мәслихатының 2008 жылғы 5 наурыздағы № 4С-5-10 «2008 жылға Ақмола облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3243 тіркелген, «Арқа ажары» газетінде 2008 жылдың 12 сәуірінде, «Акмолинская правда» газетінде 2008 жылдың 12 сәуірінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қалыптасқан құқықтық қатынастарға тарайды.
      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облыстық мәслихаты
      сессиясының төрағасы              Ж. Ерғалиев

      Ақмола облыстық
      мәслихатының хатшысы              Ө. Мұсабаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Ақмола облысы бойынша
      Салық комитетінің бастығы        Ж.С. Нүсіпов

      Ақмола облысы табиғи
      ресурстар және табиғатты
      пайдалануды реттеу
      басқармасының бастығы            Ә.М. Сағитов

      Ақмола облысы экономика
      және бюджеттік жоспарлау
      басқармасының бастығы          М.Ш. Тақамбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады