Ақмола облыстық мәслихатының 2006 жылғы 29 қыркүйектегі № 3С-22-10 "Ақмола облысының елді мекендер аймақтарына құрылыс салу Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 4C-17-16 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 26 қарашада № 3337 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы № 5С-11-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 28.03.2013 № 5С-11-6 шешімімен.

      2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 21 бабына сәйкес, Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № А-5/259 қаулысына байланысты Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақмола облыстық мәслихатының 2006 жылғы 29 қыркүйектегі № 3С-22-10 «Ақмола облысының елді мекендер аймақтарына құрылыс салу Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3198 тіркелген, 2006 жылдың 21 қарашасында «Арқа ажары» газетінде, 2006 жылдың 25 қарашасында «Акмолинская правда» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Ақмола облысының елді мекендер аймақтарына құрылыс салу Ережесінде:
     1 тармақ жетінші абзацтан кейін келесі мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      «құрылыс салушы - белгіленген объектіні салуды жүзеге асыруға ниет білдірген және құрылыс салуға жер учаскесін беру немесе оған меншік немесе жерді пайдалану құқығында тиесілі жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру туралы әкімдіктің шешімін алған заңды және жеке тұлға;
      тапсырыс беруші – жылжымайтын мүлік объектісінің құрылысына мердігер шартын жасайтын және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне сәйкес өз міндеттерін жүзеге асыратын заңды және жеке тұлға; тапсырыс беруші болып құрылыс салушы немесе құрылыс салушымен өкілдендірілген өзге тұлға болуы мүмкін, бұл жағдайда құрылыс салушы мемлекеттік қадағалау және өзге де мемлекеттік органдармен өзара байланыс жасау барысында өз қызметтерін өкілетті органға табыстауы мүмкін;
      1 тармақтың он жетінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
      «қоршаған ортаны қорғау саласындағы орган - қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық уәкілетті орган және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жергілікті атқарушы орган»;
      1 тармақ он сегізінші абзацтан кейін келесі мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      «мердігер - Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне сәйкес тапсырыс берушімен жасаған мердігерлік шарт бойынша жұмысты орындайтын заңды және жеке тұлға; мердігердің заңнамаға сәйкес лицензиялауға жататын қызмет түрлерін жүзеге асыратын лицензиясы болуы қажет;
      жобалаушы – жоба қызметінің сәйкес түрлерін жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды және жеке тұлғалар»;
     4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «4. Ауданы 1 гектардан асатын жер учаскесінде тұрғын үй массивтерінің, өндірістік кәсіпорындардың, ірі қоғамдық ғимараттар мен кешендердің сәулеттік жобалары, елді мекендердің бас жоспарлары мен бөлшекті жоспарлау жобалары міндетті түрде облыстың Сәулет-Қала Құрылысы Кеңесінде қаралуға жатады»;
     11 тармақтың 3) тармақшасындағы «қабылдау» сөзі «қабылдауға қатысу» сөздерімен ауыстырылсын;
      11 тармақтың 5 тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      «5) аудан әкіміне объектілер мен кешендерді орналастыру, қала құрылысы мақсаттары үшін жер учаскелерін беру және оларды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген жағдайларда мемлекеттік қажеттіліктер үшін алу жөніндегі ұсыныстарды дайындау»;
      11 тармақ келесі мазмұндағы 11), 12), 13) тармақшалармен толықтырылсын:
      «11) қондырғыларды келісу, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру мен ресімдеу;
      12) нөмірлері жоқ ғимараттарға, имараттарға және басқа объектілерге реттік нөмірлер беру;
      13) «Мекен-жайлық тіркелім» ақпарат жүйесін жүргізу және толтыру»;
     16 тармақ алынып тасталсын;
     20 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «20. Құрылыс-монтаж жұмысын өндіруге рұқсатты облыстың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау жергілікті органдары азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштері, жер теліміне сәйкестендіру құжаты (құрылыс-монтаж өндіріс жұмыстарына сәйкес жер телімінің мақсаттық тағайыны бойынша) және жергілікті сәулет органымен берілетін жеке тұрғын үй құрылысына рұқсат жағдайынан басқа бекітілген жоба құжаттамасы бары негізінде береді»;
     23 тармақ келесі мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      «бастапқы рұқсат құжаттамасының жоқтығы;
      мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының жоқтығы»;
     27 тармақтың төртінші, бесінші, алтыншы абзацтары алынып тасталсын;
     30 тармақтың тоғызыншы абзацы алынып тасталсын;
     33 тармақтың екінші абзацында «объект маңы аумағынан» сөздерінен кейін «мүгедектерге қол жеткізуді ұйымдастыру» сөздерімен толықтырылсын;
     38 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «38. Азаматтар мен заңды тұлғалар (тапсырыс берушілер) құрылыс-монтаж жұмыстары өндірісіне рұқсат алу үшін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау облыстық органына келесі құжаттарды ұсынумен өтініш білдіреді:
      белгіленген нысан бойынша өтініш;
      жер теліміне сәйкестендіру құжаты (құрылыс-монтаж өндіріс жұмыстарына сәйкес жер телімінің мақсаттық тағайыны бойынша);
      жобалау-сметалық құжаттама сараптамасының оң қорытындысы;
      бас мердігердің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру құқығына жұмыс түрлері тізбесімен бірге мемлекеттік лицензия;
      белгіленген түрде бас мердігер мен тапсырма берушіден жауапты тұлғалардың қолы»;
     39 тармақта «өндірісіне» сөзінен кейін «құрылыс-монтаж» сөздерімен толықтырылсын;
     40 тармақта «заңды тұлғалар» сөздерінен кейін «(тапсырыс берушілер)» сөздерімен толықтырылсын; «ұйымдар» сөзінен кейін «(мердігерлер)» сөзімен толықтырылсын;
     41 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «41. Құрылыс-монтаж жұмыстары өндірісіне рұқсат алған құрылыс салушы (тапсырыс беруші) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және сәулет органдарына құрылыс алаңында жұмыстың басталуы туралы хабарлауы керек»;
     44 тармақта «топографиялық түсіруін» сөздерінен кейін «электронды түрде және қағаз тасымалда» сөздерімен толықтырылсын;
     59 тармақта «бір жыл» сөздері «екі жыл» сөздерімен ауыстырылсын;
     62 тармақта «аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы» сөздері «облыстағы аумақтық қоршаған ортаны қорғаудың уәкілетті органы» сөздерімен ауыстырылсын;
     66 тармақтың 2) тармақшасында: «қорғау жөніндегі» сөздері «қорғау саласындағы» сөздерімен ауыстырылсын;
     76 тармақтың 4) тармақшасында «мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау немесе» алынып тасталсын;
     105 тармақтың 1) тармақшасында «сейсмологиялық қауіптілігі жоғары аймақтарда немесе» сөздері «аудандарда» сөзімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облыстық
      мәслихат сессиясының
      төрағасы                                   А.Куликов

      Ақмола облыстық
      мәслихатының хатшысы                       Ө.Мұсабаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Ақмола облысының
      сәулет және қала құрылысы
      басқармасының бастығы                      В.К.Фелбелт

      Ақмола облысының
      мемлекеттік сәулет-құрылыс
      бақылау басқармасының
      бастығы                                    М.Б.Батырханов

      Ақмола облысының
      Жер қатынастары
      басқармасының бастығы                      Е.Қ.Ахметов

      Ақмола облысының
      Табиғи ресурстар және
      табиғатты пайдалануды
      реттеу басқармасының
      бастығы                                    Ә.М.Сағитов

      Ақмола облысының
      Құрылыс басқармасының
      бастығы                                    М.Б.Косачев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады