Еңбек ауылының көшелерін қайта атау және Рамадан, Подлесное селоларының көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ақкөл ауданы Еңбек ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 4 шешімі. Ақмола облысы Ақкөл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 26 қазанда № 1-3-122 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1993 жылдың 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармақшасына сәйкес, Еңбек ауылының, Рамадан және Подлесное селоларының халық пікірін ескере отырып, Еңбек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Еңбек ауылының көшелері қайта аталсын:
      «Советская» көшесін – «Бейбітшілік» көшесіне;
      «Львовская» көшесін – «Нұрмағамбетов» көшесіне;
      «Новая» көшесін – «Абай» көшесіне;
      «Юбилейная» көшесін – «Төрежанов» көшесіне;
      «Студенческая» көшесін – «Студенттер» көшесіне;
      «Целинная» көшесін – «Тың игерушілер» көшесіне.
      2. Рамадан, Подлесное селоларының көшелеріне атаулар берілсін:
Рамадан селосы
      № 1 көшеге – «Бейбітшілік» атауы;
      № 2 көшеге – «Достар» атауы
Подлесное селосы
      № 1 көшеге – «Еңбек» атауы;
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім Ақкөл ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Еңбек ауылдық
      округінің әкімі                            К.Оразбаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Ақкөл аудандық мәдениет
      және тілдерді дамыту бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Б.Әкімова

      "Ақкөл аудындық сәулет және
      қала құрылысы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            И.Карпова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады