Жалғызқарағай, Қайнар және Тастыадыр ауылдарының көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Ақкөл ауданы Жалғызқарағай селолық округі әкімінің 2009 жылғы 22 маусымдағы № 5 шешімі. Ақмола облысы Ақкөл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 31 шілдеде № 1-3-116 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылдың 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Жалғызқарағай, Қайнар және Тастыадыр ауылдары халықтың пікірін ескере отырып, Жалғызқарағай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Ақмола облысы Ақкөл ауданы Жалғызқарағай ауылдық округі әкімінің 2009.30.11 № 6 шешімімен.
      1. Жалғызқарағай, Қайнар және Тастыадыр ауылдарының көшелеріне атаулар қосымшаға сәйкес берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Ақкөл ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жалғызқарағай ауылдық
      әкімі                                      Қ. Қасенов

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Ақкөл аудандық мәдениет
      және тілдерді дамыту бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Б.Б. Әкімова

      «Ақкөл аудандық сәулет
      және қала құрылысы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            И.И. Карпова

Жалғызқарағай ауылдық округі
әкімнің 2009 жылғы 22 маусымдағы
№ 5 «Жалғызқарағай, Қайнар
және Тастыадыр ауылдарының
көшелеріне атау беру туралы»
шешіміне қосымша

      Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Ақмола облысы Ақкөл ауданы Жалғызқарағай ауылдық округі әкімінің 2009.30.11 № 6 шешімімен.

      Жалғызқарағай ауылында (қоса берілген сұлбаға сәйкес):
      1) № 1 көшесі - «Әйтеке би»;
      2) № 2 көшесі - «Сәбит Мұқанов»;
      3) № 3 көшесі - «Қазбек би»;
      4) № 4 көшесі - «Орталық»;
      5) № 5 көшесі - «Гавриил Федотович Кирдищев»;
      6) № 6 көшесі - «Жамбыл Жабаев»;
      7) № 7 көшесі - «Төле би»;
      8) № 8 көшесі - «Сәкен Сейфуллин».
      Қайнар ауылында:
      1) № 1 көшесі - «Мәншүк Маметова».
      Тастыадыр ауылында:
      1) № 1 көшесі - «Әлия Молдағұлова».

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады