Азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінің тізіміне алу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімінің 2009 жылғы 9 қаңтардағы N 1 шешімі. Ақмола облысы Астрахан ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 19 қаңтарда N 1-6-93 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімінің 2009.04.22 № 12 шешімімен

      2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алу тәртібі туралы Ережеге, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 226 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу ережесінің 22 тармағына сәйкес, әскерге шақырылатындарды әскери есепке алу үшін, Астрахан ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. Астрахан селосы Алтынсарин көшесі, 63 үй мекен-жайында орналасқан «Ақмола облысы Астрахан ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – ҚІББ)) 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында, осы тізімге алатын жылы 17 жасқа толатын ер азаматтар әскерге шақыру учаскелерінің тізіміне алынсын.
      2. Ауылдық округ әкімдері, ұйым басшылары:
      ҚІББ шақыру учаскелерінде тізімге алынуға жататын әскерге шақырыла-тындардың тізімін ұсынсын;
      Азаматтардың тізімге алынатындығы және оларды ҚІББ шақырылғандары туралы хабарландырсын.
      3. «Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігі Ақмола облысы ішкі істер Департаменті Астрахан ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) өз құзіретінің шегінде әскери міндетін өтеуден қашып жүрген тұлғаларды іздеуді және ұстауды жүзеге асырсын.
      4. «Астрахан орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік мекемесінің бас дәрігеріне (келісім бойынша) тізімге алынатын азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу үшін дәрігер-мамандар бөлу ұсынылсын.
      5. ҚІББ (келісім бойынша) ұсынылсын:
      техникалық жұмысшылардың, қызмет көрсетуші персоналдардың қажет-ті санын есептеу және оны Астрахан ауданының «Жұмыспен қамту және әлеу-меттік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ұсыну;
      аудан әкімін шақырушыларды әскери есепке алу барысы туралы ақпараттандырып тұру.
      6. Азаматтарды тізімге алу іс-шараларын орындауға байланысты шыққан шығындар жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылсын.
      7. Осы шешімнің орындалу барысын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Қожахметке жүктелсін.
      8. Осы шешім Астрахан ауданының әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Астрахан ауданының әкімі                Р.Әкімов

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Ақмола облысы Астрахан ауданының
      қорғаныс істері жөніндегі біріккен
      бөлімі» ММ бастығы                    Ә.Әубәкіров

      Астрахан ауданының «Білім
      бөлімі» ММ бастығының міндетін
      атқарушы                             Г.Шаяхметова

      Астрахан ауданының «Жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы        Қ.Жұмақаев

      Астрахан ауданының «Қаржы бөлімі»
      ММ бастығы                            Ғ.Шонабаева

      «Астрахан орталық аудандық
      ауруханасы» мемлекеттік мекемесінің
      бас дәрігері                            Н.Сембаев

      Қазақстан Республикасы ішкі істер
      Министрлігі Ақмола облысы ішкі істер
      Департаменті Астрахан ауданының ішкі
      істер бөлімі» ММ бастығы                 Ж.Ешімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады