2010 жылдың қаңтарынан наурызға дейінгі мерзімде шақыру учаскесіне тіркеу жылында жасы он жетіге толатын 1993 жылы туған еркек жынысты азаматтардың тіркеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 51 шешімі. Ақмола облысы Астрахан ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 19 қаңтарда № 1-6-114 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 15 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2010.04.22 № 15 қаулысымен

      «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережеге сәйкес, әскерге шақырылатындарды әскери есепке алу үшін, Астрахан ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. 2010 жылдың қаңтарынан наурызға дейінгі мерзімде 1993 жылы туған, тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтардың Астрахан селосы, Алтынсарин көшесі, 63 үй мекен-жайында орналасқан «Ақмола облысы Астрахан ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркелуі ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Қожахметке жүктелсін.
      3. Осы шешім Астрахан ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Астрахан ауданының әкімі                   Р.Әкімов

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Ақмола облысы Астрахан
      ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі біріккен бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            С.Кантемиров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады