Новочеркасск ауылы көшелерінің атауларын өзгерту туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Астрахан ауданы Новочеркасск ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 14 қазандағы № 2 шешімі. Ақмола облысы Астрахан ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 4 қарашада № 1-6-108 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селосы" деген сөзі "ауылы" деген сөзімен ауыстырылды – Ақмола облысы Астрахан ауданы Новочеркасск ауылдық округі әкімінің 12.05.2017 № 1 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, 2009 жылғы 21 тамыздағы № 10 Новочеркасск ауылы тұрғындары жиынның хаттамасын ескере отырып, Новочеркасск ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақмола облысы Астрахан ауданы Новочеркасск ауылдық округі әкімінің 12.05.2017 № 1 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Новочеркасск ауылы көшелерінің атаулары өзгертілсін:

      Советская көшесі Сарыарқа көшесіне;

      Луговая көшесі Талғат Бигелдинов атындағы көшесіне;

      Целинная көшесі Шәймерден Мұсайынов атындағы көшесіне;

      1 Май көшесі Әлия Молдағұлова атындағы көшесіне;

      Новостройка көшесі Жастар көшесіне.

      2.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3.Осы шешім Астрахан ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Новочеркасск ауылдық
округінің әкімі
Ж.Орман

      КЕЛІСІЛДІ:

      Астрахан ауданының
"Мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі"
мемлекеттік мекемесі
бастығының міндетін
атқарушысы
Л.Ақанова
      Астрахан ауданының
"Сәулет және қала
Құрылысы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
Н.Герасимова
      Астрахан ауданының
"Экономика және бюджеттік
Жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
      А.Жүсіпова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады