2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № А-7/172 қаулысы. Ақмола облысы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 26 маусымда № 1-9-122 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 19 мамырдағы № а-5/222 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2010.05.19 № а-5/222 шешімімен

     «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан  Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығын іске асыру туралы» 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 543 қаулысына сәйкес, Ақмола облысы Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақмола облысы, Ерейментау ауданының, Ерейментау қаласы, ақын Аманжол Әлжанов көшесі, 9 мекен-жайы бойынша «Ақмола облысы Ерейментау ауданының Қорғаныс істері бойынша бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы шақыру бойынша шақырудан мерзімді ұзартуға немесе босатуға құқықсыз он сегізден жиырма жеті жастағы еркек жынысты азаматтарды, сонымен қатар оқу орындарынан шығарылған және әскери қызметінің белгіленген мерзімдерін өтемеген жиырма жеті жасқа жетпеген азаматтарды 2009 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсанда мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру өткізуі ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы 1 қосымшаға сәйкес ұрылсын, азаматтардың шақыруын өткізу кестесі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Поселкелердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері және ұйымдардың басшылары әскери міндеттілерді және әскерге шақырылушыларды «Ақмола облысы Ерейментау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне шақыру туралы хабарлауын және олардың келуін уақытында қамтамасыз етсін.
      4. Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Ерейментау аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша) азаматтарды әскери қызметке шақыру туралы медициналық куәландырылуын өткізуді, сонымен қатар медициналық қызметкерлердің, дәрі-дәрмектердің және құрал-жабдықтардың қажетті санын қамтамасыз етсін.
      5. «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының Ішкі істер департаменті Ерейментау ауданының Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), «Ерейментау станциясындағы желілік ішкі істер бөлімшесі» мемлекеттік мекемесі  (келісім бойынша) әскери міндеттерден жалтаратын тұлғаларды шақыру пункттерінде, жөнелту станциялары, аудандық жиналу пунктерде, әскери бөлімшілерге әскерге шақырулушыларды жөнелту кезінде және іздестіру жұмыстары бойынша қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде «Ақмола облысы Ерейментау ауданының Қорғаныс істері бойынша бөлімі» мемлекеттік мекемесімен өзара қарым-қатынастар ұйымдастырсын.
      6. Ерейментау ауданы әкімдігінің «2008 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсанда шұғыл әскери қызметке 1981-1990 жылдары туған Қазақстан Республикасының азаматтарына кезекті шақыруды ұйымдастыру және өткізу туралы» 2008 жылғы 8 сәуірдегі № а-5/84 қаулысының күші жойылды деп танылсын (№ 1-9-102 нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеулерінің Аймақтық Тізілімінде тіркелген, 2008 жылғы 16 сәуірде «Ереймен» газетінде және «Ерейментау» газетінде жарияланған).
      7. Осы қаулының орындалуын бақылауға алу Ерейментау ауданы әкімінің орынбасары С.Қ.Көшкінбаевқа жүктелсін.
      8. Осы қаулы 2009 жылдың сәуірінен туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
      9. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Н.Ә.Ережепов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Ақмола облысының
      Денсаулық сақтау
      басқармасы жанындағы
      «Ерейментау аудандық
      емханасы» мемлекеттік
      коммуналдық қазыналық
      кәсіпорнының
      бас дәрігері                               М.Қ.Сүлейменова

      «Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрлігі
      Ақмола облысының Ішкі
      істер департаменті
      Ерейментау ауданының
      Ішкі істер бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    М.Ж.Әбікеев

      «Ақмола облысы
      Ерейментау ауданының
      Қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі»
      мемлекеттік мекемесі
      бастығының
      міндетін атқарушы                          М.Ж.Рақымбеков

      «Ерейментау станциясындағы
      желілік ішкі істер бөлімшесі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    А.С.Әпенов

Ерейментау
ауданы әкімдігінің
2009 жылғы «12» маусымдағы
№ а-7/172 қаулысына
1 қосымша

Аудандық шақыру комиссиясының құрамы

Рақымбеков
Мұрат
Жақсылықұлы

- «Ақмола облысы Ерейментау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы, шақыру комиссиясының төрағасы (келісім бойынша)

Рябуха
Виктор
Петрович

- «Ерейментау ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелдері:

Омаров
Әсет
Әлиұлы

- «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының Ішкі істер департаменті Ерейментау ауданының Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша)

Филяровская
Валентина
Бартоломеевна

- Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы жаныңдағы «Ерейментау аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның бас дәрігерінің орынбасыры, медициналық комиссия төрайымы (келісім бойынша)

Кәрімжанова
Гүлбану
Амангелдіқызы

- Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Ерейментау аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның медбикесі, шақыру комиссиясының хатшысы (келісім бойынша)

Ерейментау
ауданы әкімдігінің
2009 жылғы «12» маусымдағы
№ а-7/172 қаулысына
2 қосымша

Азаматтардың шақыруын өткізу
Кестесі

р/с

Жергілікті әскери басқарманың атауы

Комиссия жұмысының күндері,
сағаты - 09.00 - ден 18.00-ге дейін

сәуір

мамыр

маусым

қазан

қараша

желтоқсан

1.

«Ақмола облысы Ерейментау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
ММ-сі

17,
20,
22,
24,
27,
29

5,
13,
14,
27,
28

3,
5,
17,
18,
25

1, 2, 5,
6, 7, 8,
20, 21,
22, 27,
28, 29

3, 5,
10, 12
17, 19,
26

2, 3,
18,
21,
23,
24

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады