Ерейментау ауданының Қойтас селолық округінің Қойтас және Ажы ауылдарының көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ерейментау ауданы Қойтас селолық округі әкімінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 5 шешімі. Ақмола облысы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 5 қаңтарда № 1-9-138 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, тұрғындардың пікірлерін есепке ала отырып, Қойтас селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қойтас ауылының көшелеріне атаулар берілсін:
      № 1 көшеге Бейбітшілік атауы берілсін;
      № 2 көшеге Достық атауы берілсін;
      № 3 көшеге Жеңіс атауы берілсін.
      2. Ажы ауылының көшелеріне атаулар берілсін:
      № 1 көшесі Қаркен Ахметов атындағы;
      № 2 көшесі Халел Анафин атындағы;
      № 3 көшесі Зейн Шашкин атындағы;
      № 4 көшесі Аллажар Теміржанов атындағы.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауға өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа еңгізіледі.

      Қойтас селолық
      округінің әкімі                            Н.Қ.Әлдібеков

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Ерейментау ауданының
      мәдениет және тілдерді
      дамыту бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        М.Б.Әдірешев

      «Ерейментау ауданының
      сәулет және қалақұрылысы
      бөлімі мемлекеттік
      мекемесінің» бастығы                       Н.К.Батенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады