Ерейментау ауданы Тайбай ауылдық округінің Малтабар, Жарық, Ельтай ауылдары көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ерейментау ауданы Тайбай ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 3 желтоқсандағы № 6 шешімі. Ақмола облысы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 23 желтоқсанда № 1-9-134 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, тұрғындардың пікірлерін есепке ала отырып, Тайбай ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Малтабар ауылының көшелеріне атаулар берілсін:
      № 1 көшесі Мәмбеталин Кәрібай атындағы;
      № 2 көшесі Қамысбаев Құсайын атындағы;
      № 3 көшесі Бөгенбай батыр атындағы;
      № 4 көшесі Хамзин Елемес атындағы.
      2. Ельтай ауылының көшелеріне атаулар берілсін:
      № 1 көшеге Ардагерлер атауы берілсін;
      № 2 көшеге Достық атауы берілсін.
      3. Жарық ауылының көшелеріне атаулар берілсін:
      № 1 көшеге Ынтымақ атауы берілсін;
      № 2 көшеге Бейбітшілік атауы берілсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      5. Осы шешім Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Тайбай ауылдық
      округ әкімі                                Г.Б.Уажанова

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Ерейментау ауданының мәдениет
      және тілдер дамыту бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            М.Б.Әдірешев

      «Ерейментау ауданының сәулет
      және қалақұрылысы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Н.К.Бәтенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады