2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 26 мамырдағы № а-6/88 қаулысы. Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 12 маусымда № 1-10-87 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Енбекшілдер ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 22 ақпандағы № а-3/30 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Енбекшілдер ауданы әкімдігінің 2010.02.22 № а-3/30 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына «Казақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8-ші шілдедегі Заңына «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы», «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 cәуірдегі № 779 Жарлығына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 543 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы 2009 жылдың сәуір – маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2.Азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру кестесі бекітілсін (1 қосымшаға сәйкес).
      3. Әскерге шақыру кезіне аудандық шақыру комиссиясы құрылсын (2 қосымшаға сәйкес).
      4.Степняк қаласының және ауылдық (селолық) округтердің әкімдері, ұйымдардың басшылары әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларға «Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне шақырылуын хабарлап, уақытылы түрде келуін қамтамасыз етсін.
      5.«Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының Ішкі істер департаментінің Еңбекшілдер ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) шақырудан жалтараушы әскерге шақырылушыларды жеткізуді, сонымен қатар әскерге шақырылушыларды әскери бөлімдерге жөнелту кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін.
      6.Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Еңбекшілдер аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша) және Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Еңбекшілдер аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша) азаматтарды тіркеу және оларды әскери қызметке шақыру кезінде медициналық куәландырудан өткізуді, қажетті құрал - жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен және медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етсін.
      7.Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 3 қазандағы «2008 жылдың қазан-желтоқсан айларында Еңбекшілдер ауданының аумағында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» № а-10/185 қаулысының (2008 жылғы 6 қазанда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 1-10-75 нөмірімен тіркелген, аудандық «Жаңа дәуір» - «Сельская новь» газетінде 2008 жылғы 17 қазанда және 1 қарашада жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      8.Аудан әкімдігінің осы қаулысы 2009 жылғы 17 сәуірден бастап туындаған кұқықтық қатынастарға таралады.
      9.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы С.Ж. Шәуеновке жүктелсін.
      10.Осы қаулы Еңбекшілдер ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және аудандық «Жаңа дәуір» - «Сельская новь» газетінде ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Еңбекшілдер ауданының
      әкімі                                      Т. ХАМИТОВ

      КЕЛІСІЛДІ:

      Еңбекшілдер ауданының
      «Қаржы бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        А.Н. Бекенова

      «Ақмола облысы Еңбекшілдер
      ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Б.Н. Есімов

      Ақмола облысы денсаулық сақтау
      басқармасы жанындағы
      «Еңбекшілдер аудандық емханасы»
      мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорнының
      бас дәрігері                               Қ.А. Қиықов

      «Қазақстан Республикасының Ішкі
      істер министрлігі Ақмола
      облысының Ішкі істер департаменті
      Еңбекшілдер ауданының ішкі
      істер бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Е.Т. Қаппасов

      Ақмола облыстық денсаулық сақтау
      басқармасы жанындағы «Еңбекшілдер
      аудандық орталық ауруханасы»
      мемлекеттік коммуналдық қазыналық
      кәсіпорнының бас дәрігері                  Д.Б. Сыздықова

Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 26 мамырдағы № а-6/88
қаулысына 1 қосымша

Мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды  өткізу
КЕСТЕСІ

№ р/с

Қала және
ауылдық
окруктердің
атауы

Шақыру комиссиясына келу күндері

сәуір

мамыр

маусым

қазан

қараша

желтоқсан

1

Ақсу

17,20

4,6

1,3

1,5

2,3

1

2

Аңғалбатыр

21,22

5,7

2,6

2,6

4,5

2

3

Баймырза

23,24

5,8

1,3

17,9

2,6

3

4

Бірсуат

17,20

4,6

2,6

1,5

4,5

4

5

Уәлихан

21,22

8,11

7,8

2,6

9,10

7

6

Заозерный

23,24

8,11

7,8

8,12

11,12

8

7

Донской

17,20

5,7

9,10

9,13

13,16

9

8

Еңбек-
шілдер

21,22

5,8

9,10

14,16

17,20

10

9

Степняк қ.

23,24

11,13

10,13

19,21

18,23

3

10

Заурал

27,28

12,14

10,13

20,22

19,24

2

11

Кеңашы

29,30

11,15

10,13

23,26

20,25

4

12

Краснофлот

27,28

15,18

2,6

27,29

18,23

7

13

Макин

29,30

12,14

14,16

28,30

25,26

9

14

Мамай

27,28

13,18

1,3

20,22

19,24

10


Үлгі

29,30

19,20

15,17

9,13

27,30

8

Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 26 мамырдағы № а-6/88
қаулысына 2 қосымша

Шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ

Есімов Бауыржан
Неғметұлы

«Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, шақыру комиссиясының төрағасы

Қайыржанов Бауыржан
Әлімжанұлы

«Еңбекшілдер ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік - құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы, шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелері:

Ережепов Азамат
Тұрабайұлы

««Қазақстан Республикасының Ішкі
істер министрлігі Ақмола облысының Ішкі істер департаменті Еңбекшілдер ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша)

Құрманбаев Ерғали
Мұқлайұлы

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Еңбекшілдер аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының хирургия бөлімшесінің хирург – дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша)

Гудименко Оксана
Геннадьевна

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Еңбекшілдер аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының стоматология кабинетінің медбикесі, шақыру комиссиясының хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады