Заозерный селосының көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Заозерный ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 13 тамыздағы № 1 шешімі. Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 10 қыркүйекте № 1-10-97 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңы 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Заңы 14-бабының 4-тармақшасына және 2009 жылғы 03 тамыздағы Заозерный селосы тұрғындары жиынының № 04 хаттамасын есепке ала отырып, Заозерный ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Заозерный селосының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
      1 көшесіне – «Школьная» атауы, № 2 көшесіне - «Шахтерская» атауы, № 3 көшесіне - «Микрорайон» атауы, № 4 көшесіне – «Заводская» атауы.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Еңбекшілдер ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа еңгізіледі.

      Заозерный ауылдық
      округінің әкімі                            Ы. Шәймерденова

      КЕЛІСІЛДІ:

      Еңбекшілдер ауданының
      «Сәулет және қала құрылысы
      бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        А.Қ. Ахметова

      Еңбекшілдер ауданының
      «Мәдениет және тілдерді
      дамыту бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Г.Т. Жақыпова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады