Краснофлот ауылының көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Краснофлот ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 7 қыркүйектегі № 1 шешімі. Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 6 қазанда № 1-10-103 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4-тармақшасына және 2009 жылғы 13 наурыздағы Краснофлот ауылы тұрғындары жиынының № 05 хаттамасын есепке ала отырып, Краснофлот ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Краснофлот ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
      № 1 көшесіне – «Орталық» атауы;
      № 2 көшесіне - «Мектеп» атауы;
      № 3 – көшесіне «Еңбек» атауы.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Еңбекшілдер ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа еңгізіледі.

      Краснофлот ауылдық
      округінің әкімі                            А.Истаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Еңбекшілдер ауданының
      «Сәулет және
      қала құрылысы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    А.Қ.Ахметова

      Еңбекшілдер ауданының
      «Мәдениет және
      тілдерді дамыту бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Г.Т.Жақыпова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады