Жұмыс орындарынан жалпы саны 3 % мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 08 қаулысы. Ақмола облысы Қорғалжын ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 12 ақпанда № 1-15-118 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 13 қаңтардағы № 04 қаулысымен

     Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2010.01.13 № 04 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылдың 23 қантарындағыЗаңының 31 бабының 1 тармағы 13 тармақшасына, 2005 жылдың 13 сәуіріндегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабына және 2001 жылдың 23 қаңтарындағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағына сәйкес, мүгедектерге жұмыспен қамтуға қолдау көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс орындарының жалпы санынан 3 пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілесін.
      2. Қорғалжын ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мүгедектерді жұмыс орындарына жіберуін ұйымдастырсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.Қққожинаға жүктелсін.
      4. Қаулы Қорғалжын аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді және аудандық газетке міндетті түрде жариялануы тиіс.
      
      Аудан әкімі                                С. Касенов

Аудандық әкімдігінің
2009 ж.«26» қаңтардағы
қаулысына 4 қосымша

Мүгедектерді 3 % квота бойынша жұмысқа
орналастыру тізбесі
 

Мекемелердің
аты

Орналасқан орны

Адамдар
саны

1

Кенбидайық орта мектебі
(келісім бойынша)

Кеңбидайық

1

2

ЖК «Бексеитов»
(келісім бойынша)

Қорғалжын

1

3

ӘТЛ «Сұнқар»
(келісім бойынша)

Қорғалжын

2

4

«Ақжол 2030» ЖШС
(келісім бойынша)

Жантеке

1

5

Аудандық поликлиника
(келісім бойынша)

Қорғалжын

1

6

Қорғалжын аудандық мектеп-гимназия
(келісім бойынша)

Қорғалжын

1

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады