Жаңа Жол ауылының көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел селолық округі әкімінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 694/3 шешімі. Ақмола облысы Целиноград ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 5 қазанда № 1-17-115 тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес, Жаңа Жол ауылы тұрғындар жиналысының 2009 жылдың 24 шілдесіндегі № 3 хаттамасын есепке ала отырып, Қараөткел селолық округі әкімі ШЕШТІ:
      1. Жаңа Жол ауылының көшелеріне атаулар берілсін:
      № 1 көшеге – Наймантайұлы Байғозы атауы;
      № 2 көшеге – Абай Құнанбаев атауы;
      № 3 көшеге – Рақымжан Қошқарбаев атауы;
      № 4 көшеге – Қосқопа атауы.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Целиноград ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қараөткел селолық
      округі әкімінің
      міндетін атқарушы                          Е.Керкеев

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Целиноград ауданының
      Мәдениет және
      тілдерді дамыту бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Ш.Өтегенова

      «Целиноград ауданының
      Сәулет және қала
      құрылысы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    А.Сағымбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады