Щучинск қаласының "Промзона" шағын ауданындағы көшеге атау беру туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Щучье ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 29 шілдедегі № а-7/360 қаулысы және Ақмола облысы Щучье аудандық мәслихатының 2009 жылғы 29 шілдедегі № С-17/2 шешімі. Ақмола облысы Щучье ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 24 тамызда № 1-19-164 тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына және 6 бабының 1 тармағының 15 тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңының 25-3 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабы 5-1) тармақшасына, 2009 жылдың 6 мамырдағы тиісті аумақ тұрғындары жиналысының шешімі негізінде, 2009 жылғы 29 маусымдағы аудандық тіл саясаты және ономастика комиссиясының шешімі негізінде Щучье ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Щучье аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгiзiлдiАқмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 09.12.2016 № а-12/518 қаулысымен және Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 09.12.2016 № 6C-9/7 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi) шешімімен.

      1. Щучинск қаласының "Промзона" шағын ауданындағы көшеге "Сары- Арқа" атауы берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Щучье ауданы әкімінің орынбасары М.Б.Нұрпановаға жүктелсін.

      3. Осы шешім Щучье ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Щучье ауданы әкімінің
міндетін атқарушы
Е.Каменов
      Аудандық мәслихаттың
ХVII (кезектен тыс)
сессиясының төрағасы
А.Ибраева
      Аудандық мәслихат
хатшысының міндетін
атқарушы
М.Кошенов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Щучинск қаласының әкімі С.Мұхамеджанов
      "Щучье ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Г.Тінәлинова
      "Щучье ауданының мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Д.Қарсыбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады