Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 28 қарашадағы № 3185 "Халықтың мақсатты тобынан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2009 жылғы 27 шілдедегі N 1826 қаулысы. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әділет басқармасында 2009 жылдың 07 тамызда N 3-1-116 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 6 ақпандағы № 480 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2012.02.06 № 480 Қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 3137 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабы 4 тармақшасына сәйкес, халықты жұмыспен қамтуға ықпал жасау мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 28 қарашадағы № 3185 «Халықтың мақсатты тобынан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылдың 12 желтоқсанында № 3-1-99 болып тіркелген, 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 157 «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған, Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 12 мамырдағы № 1095 «Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 28 қарашадағы № 3185 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы » нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылдың 25 мамырында № 3-1-110 болып тіркелген, 2009 жылғы 26 мамырдағы № 64 «Ақтөбе» және 2009 жылғы 26 мамырдағы № 63 «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған қаулысымен енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды ескере отырып) қаулысына келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
      2-тармақтағы «бюджеттен қаржыландырылатын мекемелерден басқа» сөзі алынып тасталсын;
      3-тармақтағы «Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмысшылардың 50% еңбекақысын ұйымдарға 15 000 теңгеден аспайтын көлемде өтесін.» сөйлемі алынып тасталсын және келесі мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      «Жұмыс берушілермен келісім шартқа отыру кезінде әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмысшылардың еңбек ақысының көлемі олардың нақты мүмкіндіктеріне сәйкес белгіленсін. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмысшылардың еңбек ақысы шығындарын жұмыс берушілерге 15000 теңгеден аспайтын мөлшерде ішінара өтеу жүргізілсін.».

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.М.Қалдығұловаға жүктелсін.

      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.    

      Қала әкімі                               А.Мұхамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады