"Тәуіп селолық округіне қарасты елді мекендер жерінің жер-шаруашылық жайғастыру мақсатында шекарасы мен көлеміне өзгертулер енгізу туралы" 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 254/60 бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңартылған

Бірлескен Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 242 қаулысы және Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 109 шешімі. Ақтөбе облысының Ырғыз аудандық әділет басқармасында 2010 жылдың 05 қаңтарда № 3-5-108 тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына31-бабына, сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
     Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Бірлескен Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 27 қазандағы № 218 қаулысы және Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2011 жылғы 27 қазандағы № 191 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. «Тәуіп селолық округіне қарасты елді мекендер жерінің жер- шаруашылық жайғастыру мақсатында шекарасы мен көлеміне өзгертулер енгізу туралы» 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 254/60 бірлескен қаулысы мен шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 3-5-86 болып тіркелген, 2009 жылғы 3 ақпандағы «Ырғыз» газетінде № 5 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтағы 1-қосымша алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы және шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудан әкімі:

М. Дуанбеков

      Аудандық мәслихат сессиясының
      төрағасы:

Б. Балдан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады