2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының басқа әскери құрылымдарына азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 19 мамырдағы N 113 қаулысы. Ақтөбе облысының Қарғалы аудандық Әділет басқармасында 2009 жылдың 9 маусымда N 3-6-84 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 01 маусымдағы № 169 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының әкімдігінің 2010.06.01 № 169 қаулысымен
      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19, 20 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасының Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 543 «Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығын іске асыру туралы», облыс әкімдігінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 155 «2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу және дайындығын ұйымдастыру туралы» қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Әскери қызметке шақыру күніне 18 жасқа толған, әскери қызметке шақырылуын кейінге қалдыру құқығы жоқ, сол сияқты жасы үлкен ер жынысты азаматтарды әскери қызметке шақыру 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында іске асырылсын.
      2. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін қосымшаға сәйкес шақыру комиссиясы кұрылсын.
      3. Бағыныштылығы мен меншік нысанына қарамастан мекемелер менкәсіпорындардың, оқу орындары мен ұжымдық мекемелердің басшылары, кәсіпорындардың, оқу орындары мен ұжымдық мекемелердің басшылары,шақырушыларды қорғаныс істері жөніндегі бөлімге шақырып, осы шақырумен уақытылы келулерін қамтамасыз ету ұсынылсын, селолық округ әкімдері міндеттелсін. Шақыру комиссиясын жалғастыру кезінде әскерге шақырылушы оқудан және жұмыстан жалақысы (степендиясы) сақталып босатылсын. Әскерге шақырылушыны іссапар (демалыстан) шақырып алып, оларды құлақтандыруды ұйымдастырып, уақытында шақыру пунктіне жетуін қамтамасыз етсін.
      4. Орталық аудандық ауруханасына (Бахонов Ә.К.):
      1) әскерге шақырылушылардың денсаулығын анықтау үшін шақыру
комиссиясынан өту кезіңінде дайындығы, тәжірибесі мол дәрігер-мамандарды бөлсін;
      2) дәрігер–мамандарды, антропометрия кабинетін орта буын медбикелермен қамтамасыз етсін;
      3) 2009 жылдың көктемгі және күзгі әскери қызметке шақыру кезінде күн сайын демалыс және мереке күндерінен басқа күндері емханада кем дегенде 50 әскерге шақырылушының анализ тапсыруын, электрокардиограмма жасауын, қанның тобын, резус факторын анықтауын, флюорографиялық тексеріс өткізуді қамтамасыз етсін;
      4) қорғаныс істері жөніндегі бөлімге әскерге шақырылушылардың жеке амбулаториялық медициналық қағаздарын, нервті-психикалық, туберкулез, терівенерология, жұқпалы трахома, ішкі органдардың созылмалы, сүйек, бұлшық ет, буындары ауыратындардың тізімін және ауруының тарихынан көшірмелер, дәрігерлер берген диспансерлік тексерудің қорытындысы бар мәліметтерін тапсыру міндеттелсін;
      5) стационарлық (амбулаториялық) тексеру мен емделуге мұқтаж әскерге шақырылушылардың қай емдеу мекемесінде тіркелетінін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығына мәлімдесін;
      6) қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру пунктін қажетті құрал-жабдықтармен, медициналық, шаруашылық мүліктермен қамтамасыз етсін;
      7) емдеу мекемелеріне стационарда емделіп жатқан әскерге шақырылу жасындағы барлық азаматтар туралы мәліметті үш күн мерзім ішінде аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге хабарлау ұсынылсын;
      8) қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының жолдамасымен келген әскерге шақырушыларды стационарлық және амбулаторлық тексеруден өткізу қамтамасыз етілсін, ол үшін емдеу-алдын алу мекемелерінде қажетті орындар бөлсін.
      5. Қарғалы ауданы әділет басқармасына (Г.Қ.Сүлейменова) әскери міндеттілер мен шақырылушылардың әскери құжаттарында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскери есепке алу немесе шығу белгісі болған жағдайда ғана тіркеу жүргізу ұсынылсын.
      6. Аудандық ішкі істер бөліміне ( А.Қ.Исмаилов):
      1) қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің тапсырысы бойынша шақыру комиссиясын өткізу кезеңінде тәртіпті сақтау мақсатында құрамында 2 адамнан полиция жасағын бөлу, шақырушыларды облыстық шақыру пунктіне апарып, алып қайтқанда тәртіпті қадағалауға 1 адам бөлу;
      2) қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының әскер жасына дейінгі азаматтарды әскери есепке алуға, азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу, олардың әскери есептің ережелерін орындауын бақылауды іске асыру және әскерге шақырушылар мен әскери міндеттілер арасынан осы ережелерді бұзушыларды анықтауға жәрдем ету;
      3) Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңын орындаудан бас тартқандарды іздестіру және ұстау жұмыстарын жүргізуге шаралар алу;
      4) қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің сұрауы бойынша есепте тұрған 1982-1991 жылы туған шақырылушылардың тізімін беру;
      5) жеті күн мерзімі ішінде үстінен жауап алынып, тергеу жүргізіліп жатқан шақырылушылар туралы хабарды қорғаныс істері жөніндегі бөлімге хабарлау ұсынылсын.
      7. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Берденова Ұ.А. ) жеті күн мерзімі ішінде қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығына заңды түрде мүгедек деп танылған әскери міндеттілер мен шақырылушылар туралы хабарласын.
      8. Аудандық қаржы бөліміне (Қасымова Ш. Ә.) азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруға байланысты шығындарды жергілікті бюджет есебінен іске асырсын.
      9. Қарғалы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (Құмаров А.М.) 2009 жылдың 25 маусымынан және 25 желтоқсанына дейін осы қаулының орындалуы туралы ақпарат беру ұсынылсын.
      10. Шақыру кезінде комиссия мүшелерінің, медициналық, техникалық қызметкерлердің, сол сияқты қызмет ететін қызметкерлердің шақыру пункттерінде қызмет еткен уақыттарында жұмыс орны, лауазымы, орташа жалақысы сақталады.
      11. Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 10 сәуірдегі № 52 «2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының басқа әскери құрылымдарына азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз ету туралы» қаулының күші жойылды деп танылсын.
      12. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 102 «2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының басқа әскери құрылымдарына азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз ету туралы» қаулысы бұзылсын.
      13. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары І.Д.Тынымгереевке жүктелсін.
      14. Осы қаулы Қарғалы ауданының әділет бақармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күннің ағымында қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі             М.Жұмағазиев

Аудан әкімдігінің 2009 жылғы
19 мамыр № 113 қаулысына
ҚОСЫМША

Аудандық шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ:

Құмаров                         - қорғаныс істері жөніндегі
Ардақ Мақсоткерейұлы              бөлімнің бастығы, комиссия
                                  төрағасы;

Байсеуіпов                      - аудандық ішкі саясат
Қанат Асылханұлы                  бөлімнің бастығы, комиссия
                                  төрағасының орынбасары;

Комиссия мүшелері:

Алмағамбетов                    - аудандық ішкі істер бөлімі
Мерген Шүкірұлы                   бастығының орынбасары
                                  (келісім бойынша);

Любина                          - дәрігер, медициналық
Тамара Ивановна                   комиссияның төрайымы
                                  (келісім бойынша);

Лау Ольга                       - медбике, комиссияның
                                  хатшысы (келісім бойынша).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады