Мұқтаж азаматтардың жекелген топтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 сәуірдегі N 106 шешімі. Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық әділет басқармасында 2009 жылғы 21 мамырда N 3-8-85 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 102 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 25.12.2013 № 102 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 16 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджеттік Кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына және 2009 жылғы 13 наурыздағы № 80 Ақтөбе облыс әкімдігінің Қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Әлеуметтік жәрдемақы алып отырған он алты жасқа дейінгі мүгедек балалары бар отбасыларына, І, ІІ, ІІІ топтағы жалпы аурудан, бала кезінен, әскери борышын орындау барысында зақым алған, немесе әскери борышына байланысты емес ауруға душар болған мүгедектерге 3000 теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне (А.Т. Жұмабаева) әлеуметтік көмек көрсетуге қаржы көздерін табу қарастырсын.
      3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (А.А. Тұрмағамбетова) ай сайын төлеуін ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары И.Г. Цыбаға жүктелсін.
      5. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат             Аудандық мәслихат
    сессиясының төрағасы                 хатшысы
          М.Ордабаев                    А.Смағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады