Әлеуметтік жұмыс орындарын құру және қаржыландыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 245 қаулысы. Ақтөбе облысының Мәртөк аудандық Әділет басқармасында 2009 жылдың 07 қыркүйекте № 3-8-98 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 28 сәуірдегі № 166 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық әкімдігінің 2010.04.28 № 166 Қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 3137 баптарын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 718-1 баптарын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Қоса берілген әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынып отырған шаруа қожалықтарының (бұдан әрі-жұмыс беруші) тізімі бекітілсін /қосымша/.
      2. Мәртөк аудан әкімдігінің 2009 жылғы 28 наурыздағы № 61 қаулысының (тіркеу нөмірі 3-8-81, 15.04.2009 ж) күші жойылсын.
      3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Г.А.Алматбаева):
      қабылданған жұмысшылардың еңбек ақысын төлеу үшін жұмыс берушімен шарт жасасып, оның жартылай шығыстарын бюджет есебінен әр жұмысшыға айына 15,0 (он бес мың) теңгеден артық емес сомада өтелсін.        4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары И.Г.Цыбаға жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                         А. Әмірғалиев

Мәртөк ауданы әкімдігінің
27 тамыздағы 2009 жылғы
№ 245 қаулысына қосымша

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынып отырған жұмыс берушілердің тізімі, және қаржыландыру көзі

Жұмыс берушілердің атауы

Жұмыс орындарының саны

1

«Дина» шаруашылық қожалығы

12

2

«Рубин» шаруашылық қожалығы

4

3

«Бекболат» шаруашылық қожалығы

2

4

Барлығы

18

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады