2009 жылға аудан бойынша халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 27 ақпандағы N 37 қаулысы. Ақтөбе облысының Темір аудандық Әділет басқармасында 2009 жылдың 03 наурызда N 3-10-101 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 16 наурыздағы N 38 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 16 наурыздағы N 38 қаулысымен
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы N 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы N 148 "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31–бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2009 жылға халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілердің тізбесі бекітілсін.

      2. "Темір аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ (А.Қожатілеу) нысаналы топтарға жататын жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберсін.

      3. "Темір аудандық қаржы бөлімі" ММ
(М.Нұралин)"Тұрғындарды жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар" бюджеттік бағдарламасы бойынша тиісті жылдың аудан бюджетінде қарастырылған қаражаттар шегінде қаржыландыруды жүзеге асырсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Өтеповке жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі           М.Серікбаев

Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 27 ақпандағы
№ 37 қаулысымен бекітілген

      Ескерту.Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2009.05.06 N 86 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармағынан қараңыз) қаулысымен. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2009.07.30 N 137 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармағынан қараңыз) қаулысымен.

2009 жылға халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілердің тізбесі:

      Шұбарқұдық кент округі бойынша
      Жеке кәсіпкер «Ерғалиев» /келісім бойынша /              6 адам
      «Мирас» дүкені /келісім бойынша/                        17 адам
      Кафе «Жамиля» /келісім бойынша/                          6 адам
      «Ниязбек» ЖШС /келісім бойынша/                          5 адам
      «Биби-Фатима» /келісім бойынша/                          5 адам
      «Мирас» кафесі /келісім бойынша/                        20 адам
      «Қазақавтожол» мекемесі /келісім бойынша/                5 адам
      «Көлік» АҚ /келісім бойынша/                            10 адам
      «Ремэнергострой» ЖШС /келісім бойынша/                  10 адам
      «Шұбарқұдық-жылу» ЖШС /келісім бойынша/                 10 адам
      РМҚК «Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық»
/келісім бойынша/                                              3 адам
      «ТемирРемСтройСервис» ЖШС /келісім бойынша/              3 адам
      «Тазалық» мекемесі /келісім бойынша/                    10 адам
      «Динара» дүкені /келісім бойынша/                        1 адам
      «Темір» газеті редакциясы М.К.К. /келісім бойынша/       3 адам

      Алтықарасу селолық округі бойынша
      «Байтас» шаруа қожалығы /келісім бойынша/                4 адам
      «Қияқты» шаруа қожалығы /келісім бойынша/                2 адам
      «Арна» шаруа қожалығы /келісім бойынша/                  3 адам
      «Темірлан» шаруа қожалығы /келісім бойынша/              2 адам
      «Дәурен» шаруа қожалығы /келісім бойынша/                1 адам
      «Шығырлы-Құмды» шаруа қожалығы /келісім бойынша/         2 адам
      «Еламан» шаруа қожалығы /келісім бойынша/                2 адам
      «Қалмен» шаруа қожалығы /келісім бойынша/                1 адам
      «Бексұлтан» шаруа қожалығы /келісім бойынша/             3 адам
      «Саға» шаруа қожалығы /келісім бойынша/                  3 адам
      «Мәрі» шаруа қожалығы /келісім бойынша/                  2 адам
      «Сәтжол» шаруа қожалығы /келісім бойынша/                2 адам
      «Шамшырақ» шаруа қожалығы /келісім бойынша/              2 адам
      «Бесбұлақ» шаруа қожалығы /келісім бойынша/              1 адам
      «Құмды» шаруа қожалығы /келісім бойынша/                 3 адам
      «Ақтоғай» шаруа қожалығы /келісім бойынша/               2 адам
      «Нұрсұлтан» шаруа қожалығы /келісім бойынша»             3 адам

      Кеңесту селолық округі бойынша
      «Шұғыла» шаруа қожалығы /келісім бойынша/                3 адам
      «Қопа» шаруа қожалығы /келісім бойынша/                  3 адам
      «Жұлдыз» шаруа қожалығы /келісім бойынша/                3 адам

      Темір қалалық округі бойынша
      «Олжас» шаруа қожалығы /келісім бойынша/                 6 адам
      «Арыстанбай» шаруа қожалығы /келісім бойынша/            6 адам

      Кеңкияқ кент округі бойынша
      «Кеңкияқ» КСК /келісім бойынша/                          7 адам

      Тасқопа селолық округі бойынша
      «Ащыойыл» шаруа қожалығы /келісім бойынша/               2 адам

      Қайыңды селолық округі бойынша
      «Қожа» шаруа қожалығы /келісім бойынша/                  2 адам

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады