Үйде тәрбиеленіп, оқитын мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 29 мамырдағы № 469 қаулысы. Алматы облысының Қапшағай қаласының әділет басқармасында 2009 жылғы 10 маусымда № 2-2-86 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қонаев қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 1 сәуірдегі № 291 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қонаев қаласы әкімдігінің 01.04.2024 № 291 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16 бабына, 6-7 тармақтың 29 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабындағы, 1 тармақтың 14 тармақшасына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Үйде тәрбиеленіп, оқитын әр мүгедек балаларға (бұдан әрі- мүгедек балалар), қосымша әлеуметтік көмекті (бұдан әрі- әлеуметтік көмек) есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерін тоқсан сайын төлеу қамтамасыз етілсін.

      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің 2010.04.28 N 427 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      2. 2. Әлеуметтік көмек туылған, асырап алынған және де он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларды өз қамқорлығына алған (толық мемлекет қамқорлығында болған мүгедек балалардан және әке-шешесі ата-аналық құқықтан айырылған мүгедек балалардан басқаларға) ата-анасының біреуіне немесе олардың орнын басатын адамдарға отбасының табысына қарамай, облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия берген анықтамада көрсетілген мүгедек баланы үйде тәрбиелеу қажет деп табылған сәттен бастап бір жылға және үйде оқыту қажет деп табылған сәттен бастап бір оқу жылына тағайындалады деп белгіленсін.

      Ескерту. 2 тармақ жаңа редакцияда - Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің 2010.04.28 N 427 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      3. "Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі тұрғылықты жері бойынша ата-анасының біреуіне немесе олардың орнын басатын адамның әлеуметтік көмекті төлейтін мекемелердегі ашылған есеп шотының нөмірі көрсетілген (екінші деңгейдегі банк филиалы және осы операциялардың түрлерін жүзеге асыратын рұқсаты бар басқада мекемелер) өтініші бойынша және келесі құжаттарды ұсынған жағдайда әлеуметтік көмектің тағайындалуын және төленуін қамтамасыз етсін:

      1) өтініш иесінің жеке басының куәлігі, соның ішінде оралмандарға берілген ыхтияр хат немесе оралмандар куәлігінің көшірмесі;

      2) мүгедек баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі;

      3) дәрігерлік әлеуметтік сараптау комиссиясының (белгіленген үлгі бойынша) мүгедектік белгіленгендігі туралы анықтамасының көшірмесі;

      4) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;

      5) облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиясының мүгедек баланы үйде тәрбиелеу мен оқытудың қажеттілігі туралы қорытындысы.

      4. "Қапшағай қаласының қаржы бөлімі" мемелекеттік мекемесі қалалық бюджетте көзделген қаржыландыру жоспарының міндеттемесіне және төлемнің қаржы шегіне сәйкес мүгедек балаларға әлеуметтік көмекті қаржыландыру мәселелерін қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары І.С. Сүгіровке жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі

Н. Таубаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады