Еңбекшіқазақ ауданының елді-мекендерінің шекарасын өзгерту туралы

Жаңа

Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2009 жылғы 10 тамыздағы N 29-7 шешімі және Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 10 тамыздағы N 681 қаулысы. Алматы облысының әділет департаменті Еңбекшіқазақ ауданының әділет басқармасында 2009 жылы 11 қыркүйекте N 2-8-124 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 108-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына сәйкес және аудан әкімінің 2009 жылғы 10-маусымдағы N 7-1/902 және 7 тамыздағы N 7-1/1224 хаттарының негізінде, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Ават селолық округтегі Ават ауылының жанындағы бос жатқан 15 га және Рахат селолық округтегі Азат ауылының бос жатқан 10 га, Қайназар ауылының бос жатқан 4 га жер телімі елді-мекендер категориясының жерлеріне көшірілсін.
       2. Картографиялық материалдарға келістіріп жоғарыда көрсетілген ауылдық аумақтардың шекарасы 29 га өзгертілсін.
       3. Еңбекшіқазақ аудандық жер қатынастары бөлімі тіркеу құжаттарына өзгеріс енгізсін.
       4. Осы бірлескен шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бөлтірік Аусадықұлы Жақыповқа және аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
       5. Осы бірлескен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      29-сессиясының төрағасы                    Ж. Мықыбаев

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                    Ә. Талқамбаев

      Еңбекшіқазақ
      ауданының әкімі                            Ә. Тойбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады