Евгенемаловодный селолық округіндегі "Юбилейный" атындағы көшенің атауын "Стамшал Алмабеков" көшесі деп өзгерту туралы

Жаңа

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Евгенемаловодный селолық округі әкімінің 2009 жылғы 28 сәуірдегі N 27 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Еңбекшіқазақ ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 28 мамырда N 2-8-110 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы және өзін-өзі басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабын, Еңбекшіқазақ аудандық ономастика кеңесінің 2007 жылғы 04 қыркүйектегі N 4 келісімін және ауыл тұрғындарының 2006 жылғы 07 наурызындағы хаттамасы мен өтінішін басшылыққа алып, округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Маловодный ауылындағы "Юбилейный" атындағы көшенің атауы "Стамшал Алмабеков" атындағы көшесі деп өзгертілсін.
       2. Тиісті қызмет көрсететін мемлекеттік, мемлекеттік емес мекемелерге Маловодный ауылындағы атауы өзгертілген көшелер таныстырылсын.
       3. Осы шешім аудандық әділет басқармасына тіркеуге ұсынылып, алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
       4. Осы шешімнің орындалуын қадағалау, округ әкімінің орынбасары Нұрлан Нұрхасинұлы Джалпақовқа жүктелсін.

      Евгенемаловодный селолық
      округ әкімі:                               А. Алмабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады