Аудан әкімінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы "1992 жылы туылған азаматтарды әскерге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы" 10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ескелді ауданы әкімінің 2009 жылғы 10 наурыздағы N 2 шешімі. Алматы облысының әділет департаменті Ескелді ауданының әділет басқармасында 2009 жылы 17 наурызда N 2-9-79 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 02 желтоқсандағы N 15 қаулысымен

. Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігінің 2009.12.02 N 15 қаулысымен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28 бабын басшылыққа ала отырып аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. Ескелді ауданы әкімінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы "1992 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы", Ескелді аудандық әділет басқармасында Нормативтік Құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2009 жылы 29 қаңтарда 2-9-74 нөмірімен енгізілген, аудандық "Жетісу Шұғыласы" газетінің 9 нөмірінде 2009 жылы 27 ақпанда ресми жарияланған N 10 шешіміне төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
       1) шешімнің 2 және 6 тармақтары алынып тасталынсын;
       2) 4 тармағындағы 1 тармақшасы өзгертіліп жаңа редакцияда оқылсын:
      Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге кәмелет жасына толмағандар істері жөніндегі инспекцияда тіркеуде тұрған жасөспірімдердің тізімін тапсыруды қамтамасыз етсін;
       3) 7 тармағы өзгертіліп төмендегідей оқылсын:
      Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім (А.Қанағатов) осы шешімнің орындалуы жөнінде 2009 жылдың 10 сәуіріне дейін хабарлама беруді қамтамасыз етсін.
       2. Осы шешімнің орындалуына бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары Қ.А. Әлібаевқа жүктелсін.
       3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күн өткен соң күшіне енеді.

      Аудан әкімі                                С. Дүйсембінов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады