Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 2009 жылғы 7 мамырдағы N 24-105 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Қаратал ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 10 маусымда N 2-12-109 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 2010 жылғы 02 наурыздағы N 33-156 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 2010.03.02 N 33-156 Шешімімен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабындағы 1-тармағының 15-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабындағы 2-тармағына сәйкес, сондай-ақ аудан әкімінің 2009 жылғы 5 мамырдағы N 2-10-276 өтініш хатының негізінде Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
       2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы:                           Р. Ахмедченов

      Мәслихат хатшысының
      міндетін уақытша атқарушы:                 С. Дәркенбаева

Қаратал аудандық мәслихатының
2009 жылдың 07 мамырындағы
N 24-105 "Табысы аз отбасылары
(азаматтарға) тұрғын үй көмегін
көрсетудің мөлшері мен тәртібін
белгілеу туралы шешіміне
қосымша

Табысы аз отбасылары (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің
мөлшері мен тәртібі

1. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегі халықтық әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып табылады.
      2. Тұрғын үй көмегі сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иесі (жалдаушысы) болып табылатын немесе тіркелген мекен-жайда тұрақты тұратын, егер де учаскелік комиссияның қорытынды актісінде көрсетіліп, расталған болса табысы аз отбасыларына (азаматтарға) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шегінен төмен болған жағдайда жергілікті бюджетінің есебінен жүзеге асырылады. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем ретінде тағайындалады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 2009.09.16 N 27-116 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз) Шешімімен.
       3. Тұрғын үй көмегі тұрмыстық-коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің шығындары белгіленген әлеуметтік нормалары мен коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтерінің шегінде отбасы бюджетіндегі оның жиынтық кірісінің 10 пайыздық үлесінен асқан жағдайда тағайындалады.
      4. Тұрғын үй көмегінің мөлшері үй иесінің (жалгердің) өтемдік шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде коммуналдық қызметке ақы төлеу мен отбасына осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыс деңгейінің айырымы ретінде есептеледі.
      5. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үйін жалға беруші тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
      6. Тұрғын үй көмегін алу құқығы алушы өтініш иесі қажетті құжаттарын тапсырған тоқсаннан басталады. Тұрғын үй көмегі тоқсанға төленеді.
      7. Аудандық телекоммуникация желiсiнiң абоненттерi болып табылатын әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшiн абоненттік ақы тарифтерiнiң арттырылуына өтемақы төлеу (бұдан әрi - телефон үшiн абоненттiк ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу) - коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлеу жөнiндегi тұрғын үй көмегiнiң құрамына кiретiн, телефон үшін абоненттік ақы тарифтерiнің арттырылу шығындарын өтеуге арналған және қолданылып жүрген тариф пен 2004 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша қалыптасқан тариф арасындағы айырма ретiнде белгіленетін ақшалай өтемақы.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тәртібі

      8. Жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және "Аудандық, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген мүшелері бар отбасылары тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ, оның ішіне 55 жасқа толған әйелдер және 60 жасқа толған еркектер, 1-ші, 2-ші топтағы мүгедектерді және 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды күтетіндер, басқаның күтімін керек ететін 80 жастан асқан тұлғаларға күтім жасайтындар және 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен айналысатындар, сондай-ақ бір айдан астам уақыт бойы ауруханалық емдеуде жүрген адамдар, әлеуметтік тұрғыдан маңызды немесе айналасындағы адамдарға қатер төндіретін ауруы бар ауруханалық немесе емханалық емдеуде жүрген денсаулық сақтау мекемесінде есепте тұрған адамдар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар кірмейді. Жедел әскери қызметтегі әскери қызметкерлер отбасының құрамында есептелмейді.
      9. Жұмыссыздар ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартса және өз еркімен қоғамдық жұмысқа, оқыту мен қайта оқытуға қатыспаса тұрғын үй көмегін алу құқығынан алты айға айырылады.
      10. Тұрғын үй көмегіне өтінген кезде коммуналдық қызмет ақысы үшін берешектері бар отбасыларына, қарыздарына қарамастан, есепке тіркеген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй жәрдемақылары тағайындалады.
      11. Тұрғын үй жәрдемақыларын алуға үміткер немесе алушы отбасылары оны рәсімдеу үшін өтінішімен қоса уәкілетті органға немесе ауылдық, селолық округтің әкіміне төмендегі құжаттарды ұсынады:
      1) жеке басының куәлігі (жылына бір рет келесі жылдық қайта аттестаттау немесе қандай да өзгерістер болған жағдайда);
      2) азаматтарды тіркеу кітабы (жылына бір рет немесе қандай да болса өзгерістер болғанда) немесе тұрғылықты жерінен анықтама;
      3) отбасының барлық мүшелерінің кірісі туралы анықтама (өткен тоқсанға);
      4) электр жүйесінің, су жүйесінің, телефонның абоненттік төлем ақыларының түбіртектерін (ағымдағы тоқсанның өткен айының);
      5) жеке меншік шаруашылықтары бар екендігі жайлы мәліметтер (жылына бір рет немесе өзгерістер болғанда);
      6) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (жылына бір рет немесе өзгерістер болғанда);
      12. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептiк кезеңде алынған табыстың мынадай түрлерi есепке алынады:
      1) еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын табыс;
      2) он сегіз жасқа дейiнгi балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақы;
      3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түрiндегi табыс;
      4) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсiрудi қамтитын үй жанындағы шаруашылықтың кірісі тоқсанына - қалалық жерде тұратындарға - бес айлық есептік көрсеткіш, ауылдық жерлерде тұратындарға - алты айлық есептік көрсеткіш ретінде алынады;
      5) өзге де табыс, ресми расталмаған табыс әрбір жұмыс істеушіге шаққанда ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.
      13. Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:
      1) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек;
      2) тұрғын үй көмегi;
      3) жерлеуге арналған бiр жолғы жәрдемақы;
      4) бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттiк жәрдемақы;
      5) ақшалай және заттай түрдегi (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек;
      6) оқушыларды тегін тамақтандыру, жалпыға бірдей оқыту қорынан берілетін көмектер және азық - түлік бағаларының қымбаттауына байланысты әлеуметтік әлжуаз топтарға көрсетілген көмектер;
      7) жеке iсiн ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек.
      Егер жеке iсiн ашуға немесе жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек мақсатына сай пайдаланылмаса осы факті анықталған тоқсандағы, жиынтық табыс көрсетілген көмек сомасын ескере отырып есептеледi;
      8) төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкiне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетiлген көмек.
      13. Ауылдық округтiң әкiмi өтiнiш берушiлердiң құжаттарын өтiнiш берушiден құжаттар қабылданған күннен бастап он бес күннен кешiктiрмей тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға тапсырады.
      14. Уәкілетті орган қажетті құжаттарымен бірге өтініш келіп түскен күннен бастап он күн ішінде оларды қарайды және тұрғын үй көмегі тағайындау немесе оны тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      15. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй жәрдемақысын берудің негізі болып табылады.
      16. Уәкілетті орган тиісті шешім шығарғаннан кейін бұл туралы өтініш берушіге жазбаша түрде хабарлайды.
      17. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган немесе ауылдық округтiң әкiмi құжаттарды қабылдап алғаннан кейiн, қажеттiлiгiне қарай учаскелiк комиссияларға тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргiзудi жазбаша тапсырады.
      18. Учаскелiк комиссия жүргiзiлген тексеру нәтижелерi бойынша отбасының материалдық жағдайы туралы акт жасайды және отбасының мұқтаждығы туралы қорытындыны тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға немесе ауылдық округтiң әкiмiне ұсынады.
      19. Тапсырылған құжаттардың қорытындысы бойынша уәкiлеттi орган отбасына түбіртек - ескерту береді, оған тұрғын үй көмегінің есептелуі енгізіледі және қайта аттестаттаудан өтетін күні белгіленеді. Түбіртек - ескертуге отбасы өкілінің немесе отбасының атынан сөйлейтін тұлға және құжаттарды қабылдайтын тұлғаның қолдары қойылады.
      20. Өтініш берушінің уәкілетті органның әрекетіне және шешіміне жоғары тұрған уәкілетті органдарға, сондай-ақ сот тәртібімен шағым жасауға құқығы бар.
      21. Тұрғын үй көмегін алушылар 15 күн ішінде уәкілетті органға отбасы құрамының және оның жиынтық табыстарының өзгеруі туралы хабарлауы керек.
      22. Берілген ақпараттың дұрыстығы туралы күмән пайда болған жағдайда, тұрғын үй көмегін тағайындайтын уәкілетті орган отбасы мүшелерінің тұрғылықты жерлері, табыстары туралы қажетті ақпаратты тиісті орындардан сұрап алуға, тексеруге құқығы бар.
      23. Заңды және жеке тұлғалар шындық ақпарат беруіне міндетті. Талап етілген құжаттар ұсынылмаған жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды. Тұрғын үй қызметіне алдын ала жалған мәліметтер берген үшін меншік үйдің иесі (немесе жалгерлер) құқықсыз алған сомасын өз еркімен, ал бас тартқан жағдайда - сот тәртібімен қайтарады.
      24. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес тұрғын үй көмектің тағайындалуы мен оны төлеуді ұйымдастырудың дұрыстығы үшін жауапты болады.

3. Учаскелік комиссиялар

      25. Учаскелік комиссиялар уәкілетті органдарға және ауылдық округ әкімдеріне тұрғын үй көмек көрсету жөніндегі қызметке жәрдемдеседі.
      Учаскелік комиссиялар тұрғын үй көмек берудің қажеттігі туралы қорытындылар әзірлейді.
      26. Учаскелік комиссиялар жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, үй - жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативтерінің, халықтың, ұйымдардың және білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау саласы уәкілетті органдарының өкілдерінен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен құрылуы мүмкін.
      27. Учаскелік комиссиялар өз қызметін Қаратал ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 19 ақпандағы N 27 "Қала және ауылдық округтеріндегі бұрын құрылған учаскелік комиссияларға қосымша тапсырма беру туралы" қаулысы шегінде жүзеге асырады.

4. Тұрғын үй көмегін есептеудегі нормалар

      28. Тұрғын үй көмегін есептегенде келесі нормалар қабылданады:
      1) газ тұтыну - 1 айға 1 кішкентай баллон;
      2) электр жүйесін қолдану;
      1 адамға – 45 киловатт;
      2 адамға - 90 киловатт;
      3 адамға – 135 киловатт;
      4 және одан көп адамнан тұратын отбасына – 150 киловатт.
      3) сумен қамтамасыз ету нормасын қызмет берушілер ұсынады.
      4) от жағу маусымына жылына бір рет, үшінші немесе төртінші тоқсанда – 4 тонна көмір. (1 тонна көмірдің бағасы 6000 теңге).

5. Тұрғын үй көмегін төлеу

      29. Тұрғын үй көмегінің төлемі "Қаратал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен аудандық пошта бөлімі филиалы арасында жасалған Агенттік Келісім негізінде көмек алушылардың дербес шоттарына есептелген сомаларды аудару жолымен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады