Үйде тәрбиеленіп, оқитын мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 23 шілдедегі N 396 қаулысы. Алматы облысының әділет департаменті Панфилов ауданының әділет басқармасында 2009 жылы 27 тамызда N 2-16-95 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 26 қаңтардағы N 06 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2010.01.26 N 06 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 14-тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Үйде тәрбиеленіп, оқитын әр мүгедек балаларға (бұдан әрі - мүгедек балалар) қосымша әлеуметтік көмекті (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) тоқсанына сол кездегі айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшері тағайындалып, төленуі қамтамасыз етілсін.
       2. Әлеуметтік көмек туылған, асырап алынған және де он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларды өз қамқорлығына алған (толық мемлекет қамқорлығында болған мүгедек балалардан және әке-шешесі ата-аналық құқықтан айырылған мүгедек балалардан басқаларға) ата-анасының біреуіне, немесе олардың орнын басатын адамдарға отбасының табысына қарамай, облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия берген анықтамада көрсетілген мүгедек баланы үйде тәрбиелеу қажет деп табылған сәттен бастап бір жылға тағайындалады және үйде оқыту қажет деп табылған сәттен бастап бір оқу жылына тағайындалады деп белгіленсін.
       3. "Панфилов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Азат Жапарұлы Жақыбай тұрғылықты жері бойынша ата-анасының біреуінің немесе олардың орнын басатын адамның әлеуметтік көмекті төлейтін мекемелердегі ашылған жеке шоттың нөмірі көрсетілген өтініші бойынша келесі құжаттарды ұсынған жағдайда бір жолғы әлеуметтік көмекті аудандық пошта байланыс торабы арқылы төленуін қамтамасыз етсін;
      1) өтініш иесінің жеке куәлігі, оның ішінде оралмандар үшін оралманның куәлігі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі (көшірмесі);
      2) мүгедек баланың тууы туралы куәлігі (көшірмесі);
      3) дәрігерлік әлеуметтік комиссиясында мүгедектігін куәләндырылғаны туралы анықтама (көшірмесі);
      4) тұрып жатқан мекен-жайы туралы анықтама;
      5) мүгедек баланы үйде тәрбиелеу және оқытудың қажеттілігі туралы облыстық білім департаменті жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының қорытындысы.
       4. "Панфилов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Бибігүл Нүкенқызы Албанбекова аудандық бюджетте көзделген қаржыландыру жоспарының міндеттемесіне және төлемнің қаржы шегіне сәйкес әлеуметтік көмекті қаржыландыру мәселелерін шешсін.
       5. Осы қаулыны орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Амантай Абдықадырұлы Раевқа жүктелсін.
       6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е. Келемсейіт

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады