Аудан әкімінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы "1992 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тізімге алу және жастарды 2009 жылғы әскери қызметке дайындау туралы" N 12-67 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 20 қаңтардағы N 2-19-69 нөмірімен тіркелген)

Күшін жойған

Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімінің 2009 жылғы 11 наурыздағы N 03-30 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Ұйғыр ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 17 наурызда N 2-19-73 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімінің 2009 жылғы 04 маусымдағы N 04-36 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімінің 2009.06.04 N 04-36 Шешімімен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзін басқару туралы" Заңының 33 бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. Аудан әкімінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы "1992 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тізімге алу және жастарды 2009 жылғы әскери қызметке дайындау туралы" (нормативтік құқықтық акт 2009 жылғы 20 қаңтар мемлекеттік тіркеу N 2-19-69) N 12-67 шешіміне төмендегідей өзгертулер енгізілсін:
       1) шешімнің атауы "Ұйғыр ауданы бойынша 1992 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" деп өзгертілсін.
       2) шешімнің 2-тармағының 4-тармақшасы, 3-тармағының 1, 2, 5 тармақшалары алынып тасталсын.
       2. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Деменбаев Модинұлына жүктелсін.
       3. Осы шешім ресми түрде жарияланғаннан кейінгі он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                К. Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады