Үйде тәрбиеленіп оқитын мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 11 маусымдағы N 14-239 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаменті Ұйғыр ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 24 шілдеде N 2-19-78 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 25 қаңтардағы N 02-50 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2010.01.25 N 02-50 Қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 1116-баптары және 29 бабының 7-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 14 тармақшасына, Ұйғыр аудандық мәслихатының 19 желтоқсан 2008 жылғы "Ұйғыр ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджет туралы" N 17-2 шешіміне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Үйде тәрбиеленіп оқитын әр мүгедек балаларға (бұдан әрі-мүгедек балалар) қосымша әлеуметтік көмекті (бұдан әрі-әлеуметтік көмек) тоқсанына айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерін ай-сайын төлеу қамтамасыз етілсін.
       2. Әлеуметтік көмек, облыстық психологиялық – медициналық, педагогикалық комиссиясы берген анықтамада көрсетілгендей, мүгедек баланы үйде тәрбиелеу мен оқытудың қажеттілігі танылған сәттен бастап, туылған, асырап алынған, және де 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды өз қамқорлығына алған (толық мемлекет қамқорлығында болған мүгедек балалардан және әке-шешесі ата-аналық құқықтан айырылған мүгедек балалардан басқаларға) бір жылға ата-анасының біреуіне немесе  олардың орнын басатын адамдарға берілуі белгіленсін.
       3. "Ұйғыр ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Тұрдыбакиев Тұрсынжанға тұрғылықты жері бойынша ата-анасының біреуіне немесе олардың орнын басатын адамның әлеуметтік көмекті төлейтін мекемелердегі ашылған есеп шотының нөмірі көрсетілген (екінші деңгейдегі банк филиалы және осы операциялардың түрлерін жүзеге асыратын рұқсаты бар басқа да мекемелер) өтініші бойынша келесі құжаттарды ұсынған жағдайда бір жолғы әлеуметтік көмектің тағайындалып төленуін қамтамасыз етсін:
      1) өтініш иесінің жеке басының куәлігінің көшірмесі, соның ішінде оралмандарға берілген ыхтияр хат немесе оралмандар куәлігінің көшірмесі;
      2) мүгедек баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі;
      3)медициналық - әлеуметтік сараптаманың мүгедектік белгіленгендігі туралы анықтамасы;
      4) тұрғылықты жерін растайтын құжат;
      5) облыстық психологиялық – медициналық, педагогикалық комиссиясының мүгедек баланы үйде тәрбиелеу мен оқытудың қажеттілігі жөніндегі қорытындысы.
       4. "Ұйғыр аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Даутова Сахидам Молутовна аудандық бюджетте көзделген қаржыландыру жоспарының міндеттемесіне және төлемнің қаржы шегіне сәйкес әлеуметтік көмекті қаржыландыру мәселелерін шешсін.
       5.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Деменбаев Даулетжан Модинұлына жүктелсін.
       6. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                К. Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады