Жамбыл ауданының Құмшағал және Қаратөбе ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2009 жылғы 29 қазандағы N 324 Қаулысы және Жамбыл облыстық мәслихатының 2009 жылғы 29 қазандағы N 16-14 Шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 16 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 1731 болып енгізілді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 бабының 2) тармақшасына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Құмшағал ауылдық округінің әкімшілік шекарасына «Асылдандыру-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жерінен 20,0 гектар және Қаратөбе ауылдық округінің әкімшілік шекарасына «ЧПрК «Аманкелді» өндірістік кооперативінің жерінен 28,0 гектар жер қосылып Жамбыл ауданының Құмшағал және Қаратөбе ауылдық округтерінің шекаралары өзгертілсін.
      2. Осы нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс Әкімі                          Облыстық мәслихат хатшысы        Б. Жексембин                         Ә. ӘСІЛБЕКОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады