"Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Жамбыл облысы әкімиятының 2008 жылғы 25 сәуірдегі № 113 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы әкімдігінің 2009 жылғы 25 қарашадағы N 385 Қаулысы. Жамбыл облыстық Әділет департаментінде 2009 жылғы 24 желтоқсанда 1735 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2024 жылғы 26 ақпандағы № 35 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 26.02.2024 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Жамбыл облысы әкімиятының 2008 жылғы 25 сәуірдегі № 113 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 1686 болып тіркелген және 2008 жылдың 10 маусымында "Знамя труда" және "Ақ жол" облыстық газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген қаулының 2 тармағы алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Ермек Өмірбайұлы Үсенбаевқа жүктелсін.

      Облыс Әкімі Б. Жексембин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады