Бектөбе ауылындағы Жаңа-2 көшесінің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаратөбе ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 29 маусымдағы N 10 Шешімі. Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 30 шілдеде 85 нөмірімен тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Бектөбе ауылының Жаңа-2 көшесінің тұрғындарының пікірін ескере отырып және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып ШЕШЕМІН:
      1. Қаратөбе ауылдық округіне қарасты Бектөбе ауылындағы Жаңа - 2 көшесінің аты еңбек ардагері Оразбекұлы Нарбай атындағы көшесі болып өзгертілсін.
      2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қаратөбе ауылдық округінің Әкімі:         Б. Мұратбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады