Бектөбе ауылындағы Жаңа-3 көшесінің атауын өзгерту туралы

Жаңартылған

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаратөбе ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 20 қазандағы N 17 Шешімі. Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 05 қарашада 102 нөмірімен тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Бектөбе ауылының Жаңа-3 көшесінің тұрғындарының пікірін ескере отырып және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып ШЕШЕМІН:

      Ескерту. Кіріспе бөлігіне өзгерістер енгізілді - Жамбыл ауданы Қаратөбе ауылдық округі әкімінің 2010.04.12 № 31 2010 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      1. Қаратөбе ауылдық округіне қарасты Бектөбе ауылындағы Жаңа-3 көшесінің аты қазақтың тұңғыш милиция генерал-майоры Сағынбек Юсуповтың атындағы көшесі болып өзгертілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Жамбыл ауданы Қаратөбе ауылдық округі әкімінің 2010.04.12 № 31 2010 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қаратөбе ауылдық округінің Әкімі:          Б. Мұратбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады