Аудан әкімиятының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы "2009 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 670 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі N 207 Қаулысы. Жамбыл облысы Қордай ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 04 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 78 болып енгізілді. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімі аппаратының 15.11.2013 № 05-1357 хаты)

      Ескерту. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімі аппаратының 15.11.2013 № 05-1357 хаты).

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабының 1 тармағындағы 2) тармақшасын және 7 бабының 5) тармақшасын және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2009 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Қордай ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 670 қаулысы(нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6-5-72 болып тіркелген, 2009 жылғы 18 ақпандағы № 21 (10-28) аудандық «Қордай шамшырағы» - «Кордайский маяк» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      4 тармағындағы «13 470» деген сан «20 205» санмен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралында алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Қордай ауданының Әкімі                     М. Жолдасбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады