"Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу туралы" Талас аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 30 маусымдағы № 11-13 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2009 жылы 29 қыркүйектегі N 24-10 Шешімі. Жамбыл облысы Талас ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 04 қарашада 86 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2019 жылғы 14 ақпандағы № 51-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 14.02.2019 № 51-3 шешімімен. Орыс тілінде мәтіні жоқ болып табылады мемлекеттік тілінде мәтінге қараныз (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. "Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу туралы" Талас аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 30 маусымдағы № 11-13 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-10-62 болып тіркелген, 2008 жылғы 6 тамызында аудандық "Талас тынысы" газетінде жарияланған, "Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу туралы" Талас аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 30 маусымдағы № 11-13 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Талас аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 8 тамыздағы № 12–3 шешімімен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-10-65 болып тіркелген, 2008 жылғы 6 қыркүйегінде аудандық "Талас тынысы" газетінде № 73 жарияланған) өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      Аталған шешімінің қосымшасындағы табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Тәртібінің 7 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегі екінші деңгейдегі банктер немесе пошта бөлімдері арқылы жүзеге асырылады және қолма-қол төленбейді. Ол өтініш берушінің тілегі бойынша қызметті жеткізушілердің есеп шоттарына аударылуы мүмкін."

      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Х. Джолдасов
      Мәслихат хатшысы Ж. Әсемов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады