Шу ауданында нысаналы топтарға жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 3 тамыздағы N 242 Қаулысы. Жамбыл облысы Шу ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 10 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 75 болып енгізілді.Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу ауданыдық әкімдігінің 2 қыркүйекте 2015 жылғы № 315 қаулысымен

      Ескерту.Күші жойылды-Жамбыл облысы Шу аудандық әкімдігінің 02.09.2015 ж. № 315 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі. Орыс тіліндегі мәтіні жоқ болып табылады, мемлекеттік тілінде мәтінге қараңыз.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы негізінде, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 7 баптарын және "Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 қаулысын орындау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шу ауданында нысаналы топтарға жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындары қосымшаға сәйкес ұйымдастырылсын.
      2. "Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыс берушімен тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері, көлемі, еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын, қаржыландырудың мерзімі мен көздерін көздейтін шарттарды жасассын.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Нәметқұловқа жүктелсін.
      Аудан әкімі Б. Қарашолақов

  Аудан әкімдігінің
2009 жылдың 3 тамыздағы
№ 242 қаулысына қосымша

Шу ауданында нысаналы топтарға жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындары

Р/с
Ұйым, кәсіпорын, мекеме атауы
Әлеуметтік жұмыс орны саны
1.
"№ 85 жол құрылысы басқармасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
50
2.
"Феррум-2005" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
20
3.
"Қондыбай" шаруа қожалығы
10
4.
"Қайнар 5" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
5
5.
"Тасөткел" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
5
6.
"Медеу" шаруа қожалығы
5
7.
"Әділбек" шаруа қожалығы
2
8.
"АПК Баласағұн" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
3
9.
"Ниязалы" шаруа қожалығы
3
10.
"Арал" шаруа қожалығы
3
11.
"Бұланбай" шаруа қожалығы
3
12.
"Нұр-Ару" шаруа қожалығы
10
13.
"Нұр-2000" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
3
14.
"Жамал-Ай" шаруа қожалығы
2
15.
"Шу-Аққұдық" Өндірістік кооператив
2
16.
"Алижан" шаруа қожалығы
1
17.
"Кербұлақ 3" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
15
18.
"Талғат" шаруа қожалығы
5
19.
"Қарлығаш" шаруа қожалығы
5
20.
"Нурасилова" шаруа қожалығы
7
21.
"Данияр" шаруа қожалығы
2
22.
"Насуха" шаруа қожалығы
2
23.
"Қарлығаш" шаруа қожалығы
1
24.
Агроинвест "Бірлікүстем" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
4
25.
"Бектібай" шаруа қожалығы
13
26.
"Бектібай-1" шаруа қожалығы
12
Барлығы:
193

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады