2009 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысының әкімдігінің 2009 жылғы 04 мамырдағы N 12/06 қаулысы. Қарағанды облысының әділет Департаментінде 2009 жылғы 27 мамырда N 1867 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 2010 жылғы 04 мамырдағы N 13/16 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 2010.05.04 N 13/16 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19, 20, 23 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 779 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсаны аралығында мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.
      2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды басқаруды үйлестіру және бақылауды ұйымдастыру үшін облыстық шақыру комиссиясы қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
      3. Қалалар мен аудан әкімдіктері:
      1) қалалық және аудандық шақыру комиссияларын құрсын;
      2) шақыру комиссияларының жұмысын қамтамасыз ету және мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтардың шақыру учаскелеріне ұйымдасқан түрде келулері жөніндегі қажетті іс-шаралар қабылдасын;
      3) шақыру пунктін (шақыру учаскелері) жабдықтауды, дәрі-дәрмекпен, құралдармен, медициналық және шаруашылық мүлікпен, автомобиль көлігімен, сондай-ақ байланыс құралдарымен қамтуды қамтамасыз етсін;
      4) қызмет көрсететін медициналық және техникалық қызметкерлердің қажетті санын қамтамасыз етсін.
      4. Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы (Шайдаров М.З.) қалалық және аудандық медициналық шақыру комиссияларын дәрігер-мамандар және орта медициналық қызметкерлермен толықтырсын, облыстық жинау пунктінің базасында шақырылғандарды адам иммунитеті тапшылығы вирусіне тексеру және бақылау флюорографиялық тексеруін ұйымдастырсын.
      5. Қарағанды облысының ішкі істер департаменті (Рахымберлин Н.А. - келісім бойынша) өз құзырының шеңберінде:
      1) қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басқармалары және бөлімдерімен шақыру учаскелерінде, жөнелту станцияларында, облыстық жинау пунктінде тәртіпті қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
      2) әскери міндетін орындаудан бас тартқан тұлғаларды іздестіруді және ұстауды жүзеге асыру;
      3) әскери қызметке шақырудан бас тартқан тұлғалардың жеткізілуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
      6. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті (Хамитов Т.Н. - келісім бойынша) облыстық жинау пункті бөлмелерінің санитарлық жағдайын бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      7. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының Қарағанды облыстық телекоммуникациялар дирекциясына (Аманов Б.Р.) облыстық жинау пунктінде байланыс құралдарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      8. Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы (Любарская И.Ю.), Қарағанды облысының туризм, спорт және дене тәрбиесі басқармасы (Халилин Е.Б.) қорғаныс істері жөніндегі басқармалары және бөлімдерімен бірлесе отырып соғыс, еңбек және Қарулы Күштер ардагерлерімен кездесулер өткізумен әскери-патриоттық сипаттағы тәрбиелік іс-шараларды және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері және әскери құрамаларына шақырушылардың командаларын аттандыру кезінде спорт ұжымдарының қойылымдарын ұйымдастырсын.
      9. Қарағанды облысының мәдениет басқармасы (Омарбекова Р.К.) шақырылғандарды салтанатты шығарып салу күндері көркемөнерпаз және шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетуін ұйымдастырсын.
      10. Қарағанды облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы (Ибадилдин Ж.И.) шақыруды өткізумен байланысты іс шараларды өткізу үшін облыстың тиісті ұйымдар және мекемелерімен қажетті шарттар жасассын, олардың орындалуы үшін бақылауды жүзеге асырсын.
      11. Қарағанды облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті (Амангелдиев Т.Б. - келісім бойынша) шақыру аяқталған соң облыс әкіміне оның қорытындылары туралы ақпарат тапсырсын.
      12. Қарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 мамырдағы "2008 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" N 13/04 қаулысы Қарағанды облысының әділет департаментінде 2008 жылғы 12 маусымының N 1845 тіркелді, "Орталық Қазақстан" газетінің 2008 жылғы 19 маусымдағы N 95, "Индустриальная Караганда" газетінің 2008 жылғы 19 маусымдағы N 76 жариаланды) күшін жойды деп танылсын.
      13. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Р.Қ. Әбдікеровке жүктелсін.
      14. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.

      Қарағанды облысының әкімі                  Н. Нығматулин

      Келісілді:

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрлігі
      мемлекеттік санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау
      Комитетінің Қарағанды облысы
      бойынша департаментінің директоры
      Т.Н. Хамитов
      2009 жылғы 27 сәуір

      Қарағанды облысы қорғаныс істері
      жөніндегі департаментінің бастығы
      Т.Б. Амангелдиев
      2009 жылғы 28 сәуір

      Қарағанды облысы ішкі істер
      департаментінің бастығы
      Н.А. Рахымберлин
      2009 жылғы 30 сәуір

Қарағанды облысы әкімдігінің
2009 жылғы 04 мамырдағы
"2009 жылы азаматтарды
мерзімді әскери қызметке
шақыруды өткізу туралы"
N 12/06 қаулысына қосымша

Облыстық шақыру комиссия құрамы

      Амангелдиев               - Қорғаныс істері жөніндегі
      Талғат Бекмұратұлы          департаментінің бастығы – комиссия
                                  төрағасы
      Ибадилдин                 - Жұмылдыру дайындығы азаматтық
      Жұмамәді Ибаділдәұлы        қорғаныс, авариялар мен дүлей
                                  апаттардың алдын алуды және жоюды
                                  ұйымдастыру басқармасының
                                  бастығы - комиссия төрағасының
                                  орынбасары
      Шинкарук                  - Қорғаныс істері жөніндегі
      Галина Васильевна           департаментінің облыстық
                                  медициналық комиссия
                                  медбикесі - комиссия хатшысы

Комиссия мүшелері

      Әуезов                    - Қорғаныс істері жөніндегі
      Әміржан Таңатарұлы          департаментінің шақыру басқармасы
                                  бастығының орынбасары –
                                  медициналық комиссия төрағасы -
                                  дәрігер (келісім бойынша)
      Сәдуақасов                - Денсаулық сақтау басқармасы
      Төлеген Мергенұлы           бастығының орынбасары
      Бөлекбаев                 - Ішкі істер департаменті бастығының
      Берік Сейітханұлы           орынбасары (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады