Қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар еңбегін қолдану үшін объектілер және қоғамдық жұмыс түрлері туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы N 49/03 қаулысы. Қарағанды облысы Балқаш қаласы Әділет басқармасында 2010 жылғы 25 қаңтарда N 8-4-166 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 2015 жылғы 12 ақпандағы N 06/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 12.02.2015 N 06/01 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексi, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы негізінде, Балқаш қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар еңбегін қолдану үшін объектілер және қоғамдық жұмыс түрлері қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Қосымшада көрсетілген мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар басшыларына қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар еңбегін қолдану үшін жұмыс орындарын ашу жөніндегі шаралар қабылдау ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Людмила Мырзахметқызы Түкбаеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Балқаш қаласы әкімінің
      міндетін атқарушы                          Ж. Нысанғалиев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қарағанды облысы бойынша
      Қылмыстық-атқару жүйесінің
      Комитет Басқармасының бастығы
      Қ. Шотаев

Балқаш қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 15 желтоқсан
N 49/01 қаулысымен бекітілген

Қоғамдық жұмыстарға тартылғандар, сотталғандар еңбегін қолдану үшін объектілер және қоғамдық жұмыс түрлері

N

Қоғамдық жұмыстар объектілері

Қоғамдық жұмыс түрлері

1

"Балқаш Су" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

Су құбырларын, кәріздерін жөндеу жұмыстары

2

"Қалалық коммуналдық шаруашылық" Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

Қаланы көріктендіру жұмыстары

3

"Балхаш Универсал" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қаланы көріктендіру жұмыстары

4

"Су Жылу Транс" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

Жер қазу жұмыстары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады