Сәтбаев қаласының дипломды жұмыссыз жастары үшін кәсіптік практика ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 17 маусымдағы N 14/09 қаулысы. Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 07 шілдеде N 8-6-84 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 29/18 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2011.12.30 N 29/18 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2009 жылдың 6 наурызындағы N 264 қаулысына сәйкес жұмыссыз азаматтар – орта және жоғары кәсіптік білім оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру және олардың еңбек тәжірибесін, білімдері мен дағдысын жинақтау мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) заңда белгіленген тәртіппен жұмыссыз ретінде тіркелген орта және жоғары кәсіптік білім оқу орындарын (бұдан әрі – кәсіптік оқу орындары) бітірген және алған мамандықтары бойынша жұмыс тәжірибелері жоқ жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру жөнінде жұмыстар ұйымдастырсын (бұдан әрі – жастар практикасы).
      2. Жастар практикасы алты ай мерзімге ұйымдастырылады.
      3. Жастар практикасы бойынша іс-шараларды қаржыландыру "Жұмыспен қамту бағдарламасы" 002 бағдарламасының "Республикалық бюджеттен түсетін ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындарының және жастар практикасының бағдарламасын кеңейту" 103 кіші бағдарламасы бойынша қарастырылған бюджет қаражаты есебінен жүргізілсін.
      4. Жастар практикасына жолданған жұмыссыздардың орташа айлық жалақысы 15 000 (он бес мың) теңге көлемінде белгіленсін.
      5. Жастар практикасын ұйымдастыруды уәкілетті орган кәсіптік оқу орындарының түлектеріне уақытша жұмыс орындарын беруге ерік білдірген жұмыс берушімен шарт жасасу негізінде жүзеге асырады.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары М.С. Мәдиеваға жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                       С.Т. Медебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады