2010 жылғы қаңтар-наурыз айларында 1993 жылы туған азаматтардың тіркеуін жүргізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2 шешімі. Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 12 қаңтарда N 8-6-94 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарына сәйкес, азаматтардың жыл сайынғы тіркеуін жүргізуді ұйымдастыру мен қамтамасыз ету үшін, ШЕШТІ:
      1. Сәтбаев қаласы, Гурба көшесі 102, "Сәтбаев қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" ММ мекен – жайы бойынша Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласының азаматтарды тіркеу жөніндегі шақыру учаскесі ұйымдастырылсын.
       2. "Сәтбаев қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" ММ (Грудей А.Д. - келісімі бойынша) 2010 жылдың қаңтар - наурыз айларында 1993 жылы туған, Сәтбаев қаласында тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын Сәтбаев қаласының шақыру учаскесіне тіркеуге алынсын.
      3. Шешімі орындалуын бақылау қала әкімнің орынбасары М.С. Мәдиеваға жүктелсін.
      4. Осы шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                       С.Т. Медебаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Сәтбаев қаласының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі" ММ
      бастығы
      _______________ А.Д. Грудей

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады