Шахтинск қаласының жұмыссыз жастары үшін дипломнан кейінгі кәсіптік тәжірибені ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 28 мамырдағы N 8/17 қаулысы. Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 09 шілдеде N 8-8-70 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі N 11/4 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімдігінің 04.04.2014 N 11/4 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімдігінің 2010.04.19 N 7/12 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      1.п"Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" (одан әрі - Жұмыспен қамту бөлімі) мемлекеттік мекемесі:
      1) орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелерін бітірген (одан әрі - кәсіптік оқу орындары) Жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрған жұмыссыз жастар арасында Жастар тәжірибесін өткізу, мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу үшін жағдайлар жасау, жұмысқа орналастыруға жағдай жасау және еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырсын;
      2) Жастар тәжірибесі шеңберінде жұмыссыз азаматтарға - кәсіптік білім беру мекемелерінің түлектеріне уақытша жұмыс орнын ұсынуға ниет білдірген жұмыс берушілермен жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіптік тәжірибені ұйымдастыру шартын жасасын;
      3)пЖастар тәжірибесін өткізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Б.К. Егишевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Е. Утешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады